ББ сипаттамасы

«6В01507 – Математика және физика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: пән саласында және орта білімнің жаңартылған мазмұны жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері аясында білікті математика және физика мұғалімін дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, алгебра мен геометрияның теориялық негіздерін, салыстырулар теориясын есеп шығаруда қолданады;
- элементар математиканың логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
- жалпы және теориялық физика заңдарын қорытуды, оптикалық, кванттық, механикалық принциптерді, аспан денелеріндегі табиғи құбылыстарды, физикалық идеялардың дұрыстығын, математикалық және физикалық тұрақтыларды зертханада, интегралдау арқылы физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;
- физикалық, радиоэлектроникалық, электрондық құралдармен, микросхемалармен жұмыс істеуді, алынған деректер мен мәндерді есептеуді, есеп шығаруда формуланы қорытуды меңгереді;
- математика және физиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
- Ұлы даланың құндылықтарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады; оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гигиенасын, экологиялық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері мен қағидаттарын, кәсіпкерлік қызметтерін, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттерін меңгерген;
- мектептегі ғылыми зерттеу-жұмыстарды, академиялық жазуды, әдебиеттермен жұмыс жасауды, математика және физика саласында ұйымдастыруға қабілетті.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502