ББ сипаттамасы
«6В01504 – Химия»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: кәсіби білікті химия мұғалімдерін даярлау.
Міндеттері:
- жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру;
- химия саласындағы жүйелі білімді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ғылыми деңгейде химия бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру;
- online жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобалық жұмыстарды жүргізу.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- химия саласындағы теориялық білімдер жүйесін кәсіби ортада таратады, оларды есептік және тәжірибелік есептерді шешуде қолданады;
- оқу-зерттеу қызметінде зертханалық құрылғылармен, ыдыстармен, реактивтермен, жабдықтармен практикалық жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді;
- әлеуметтік, гуманитарлық және тарихи-өлкетану ғылымдардың негізгі құралдарын пайдалана отырып білім беру және тәрбиелеу үрдісін бағалайды;
- кәсіби мақсаттар үшін білім беру ортасында қолданыстағы тілдерді академиялық сауатты қолданады;
- оқу процесін заманауи оқыту әдістері, инклюзивті білім беру принциптері, критериалды бағалау технологиялары мен кәсіпкерлік негізінде басқарады;
- педагогика және психология негіздерін оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты салауатты, қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруда қолданады;
- оқыту мен оқуда, табиғи процестерді модельдеуде АКТ жүйелерін қолдануды белсенді тәжірибен өткізеді;
- жаңартылған мазмұнда орта білім берудің нормативтік-құқықтық базасын, білім беру саласындағы ҚР ұлттық саясатының үрдістерін талдайды, оқу-бағдарламалық құжаттарды ажыратады;
- эксперименталдық және жобалық іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу жолдарын таңдайды, білім алушылардың ғылыми көзқарастарын сыни тұрғыдан қалыптастырады.