Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
«6В01510 – Химия және биология» білім бағдарламасының бітірушілері Қазақстан Республикасының экономикасында төмендегідей салалар бойынша қызмет атқара алады:
- Отандық өндірістерді дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы қолданбалы зерттеулер
- Басқа топтамаларға енгізілмеген қоғамдық және жаратылыстану ғылымдар саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер
- Инновациялық технологиялармен айналысатын ведомстволық қызметтердің (медициналық, білім беру, консультациялық және т.б.) жұмысы
- Негізгі және жалпы орта білім беру
- Кәсіптік-техникалық білім беру
- Орта арнаулы білім беру
- Орта білімнен кейінгі білім беру
- Жоғары білім беру
- Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі
- Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері
- Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет
- Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет.
ББ аяқтаған бітірушінің атқаратын кәсіптерінің тізбесі
ҚР ҚМ 01-2017 ұлттық қызметтер жіктеушісіне сәйкес, келесі кәсіптер тобы:
Химия пәнінің мұғалімі, орта мектеп
Химик
Биология пәнінің мұғалімі, орта мектеп
Биолог
Ғылыми қызметкері (білім беру саласында)
Лаборант
Репетитор
Фармацевт