«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«6B01702 – ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

ББ мақсаты: кәсіби салада құзыретті білікті орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау.

ББ міндеттері: 

  • мәдени (ең алдымен тілдік және әдеби), әлеуметтік-тарихи тәжірибені зерделеу арқылы филолог-мамандарды даярлау сапасын, олардың кәсіби - әдістемелік құзыреттілігін арттыру;
  • білім алушылардың тілдік, әдеби, коммуникативтік-стилистикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру;
  • білім алушылардың тіл заңдылықтарын түсіну, коммуникативтік қызметте тілдік бірліктерді стилистикалық сауатты пайдалану дағдыларын жетілдіру;
  • әлеуметтік-коммуникативтік өзара іс-қимылға, кәсіби-еңбек қызметіне дайындықты қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру;
  • қоғамның әлеуметтік тапсырысына және ҚР жоғары білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
  • физикалық, рухани және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі рефлексиялау, педагогикалық ойлау мәдениеті және әлеуметтік-коммуникативті мінез-құлық тәсілдерін игеру.

ББ бірегейлігі: 

«Орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының бірегейлігі өңірлік және ұлттық компоненттердің үйлесімділігімен, олардың арасында құрылымдық-функционалдық байланыстың орнатылуымен, сондай-ақ әдіснамалық тәсілдерге (пәнаралық, құзыреттілікке негізделген, когнитивті-синергетикалық, жүйелі-әрекеттік және т.б.) сүйенуімен ерекшеленеді. Бағдарлама ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары мен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде жүріп жатқан заманауи инновациялық үдерістер арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Бұл үдерістерге Қазақстанның тіл саясатын (үштілділік) және мәдениетаралық коммуникацияны ескере отырып, оқыту процесіне инновациялық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жатады. Сонымен қатар, бағдарлама жаңа формациядағы, еңбек нарығында сұранысқа ие педагог кадрларды сапалы даярлауға бағытталған білім беру ортасының тұжырымдамалық моделін әзірлеуге негізделген.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ