Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
Антаева Алмагүл Сапарғалиқызы
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- Оқу-әдістемелік бөлімі;
- Офис регистратор;
- Іс- тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру секторы.
Департамент қызметтері
Студенттердің белсенділігі мен тәуелсіздігін арттыратын оқытудың жаңа және тиімді тәсілдерін әзірлеу, теориялық тапсырмаларды орындау кезінде практикалық көмек көрсету, сонымен қатар оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарындағы оқытушыларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру.
Департамент міндеттері
Замануи білім беру технологияларын енгізу негізінде білім беру қызметі жоғары сапасының, оқутышылардың педагогикалық және ғылыми біліктілігінің өсуін мемлекттік стандарт негізінде оқу үрдісінің стандартталуы мен унификациясын қамтамасыз ету,
Факультет деканаттарымен бірге оқу үрдісін ұйымдастыру;
Педагогикалық білім жетістіктерінің негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру;
Институттың даму жоспарының құрылымына ұсыныстар әзірлеу;
Оқу үрдісі көрсеткішін жүйелі талдау;
Факультет декандары мен кафедралармен бірлесе отырып институт базасында және институттан тыс мекемелерде тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу;
ПОҚ және оқу-көмекші құрамының штаттық динамикасының ағымдық жүйеленуі мен даму есебі;
Оқу үрдісін басқаруда кешенді ақпараттандыру бағдарламасын дайындау мен іске асыруына қатысу;
Институт қызметкерлері мен оқытушыларын заманауи педагогикалық инновациялар мен ақпараттық технологияларды оқытуды ұйымдастыру;
Оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасау;
Оқу-әдістемелік ақпараттарды дайындау, сараптау, сақтау, есепке алу және тарату;
Студенттік контингент туралы ақпаратты ұсыну және тарату;
Институт бітіргендігі туралы құжаттарды есепке алу және тарату;
Институттың оқу үрдісін басқару;
Білім беру қызметтерін көрсетуді бақылау және сараптау (ағымдағы бақылау, аралық бақылау және қорытынды атесттау);
ПОҚ-тың оқу жүктемесін, штаттық бірліктерін есептеуді бақылау;
Мамандықтардың және оқу пәндердің әдістемелік қамтамасыз ету мониторингін жүргізу (МОӘК және ПОӘК);
Бөлімнің барлық шығыс құжаттарын есепке алуды және таратуды ұйымдастыру;
Оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ҚР басқа ЖОО мен оның өкілдіктерімен байланыс орнату;
Институттың Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес мамандықтардың оқу жоспарына уақытылы өзгерістер енгізу, өзгерістер туралы кафедралар мен факультеттерді хабарлау;
Департамент құзіреттілігіне кіретін семинарларды, жиналыстарды және басқа сұрақтар бойынша іс-шараларды өткізу;
Оқу-әдістемелік жұмыс
ПОҚ – тың әдістемелік іс-шараларын өткізуге және ұйымдастыруға қатысу;
Институттағы оқу – әдістемелік сұрақтар бойынша іс-шараларды, Ғылыми кеңес шешімдері, ректор бұйрықтары мен өкімдерін факультет және кафедралардың орындауына бақылау жасау;
Факультеттер мен кафедраларда оқу-әдістемелік жұмыс сұрақтарына байланысты Ғылыми кеңес және ректорат материалдары бойынша бұйрықтар жобасын дайындау, атқарылған жұмыстар нәтижесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындап әзірлеу, жариялау;
Оқу үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тәжірибе алмасуды тарату;
ПОҚ жұмысының оқу-әдістемелік жоспарды орындауына сараптама жасау және тарату;
Өз қызметіне байланысты міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға байланысты инститтуттың жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерден ақпарат жинау;
Кафедра ПОҚ штатын құрастыруға бақылау жасау.