Ақылы негізде
Қабылдау процесі
Ақылы негізде оқуға түсу
I кезең – Тіркелу және ҰБТ тапсыру
Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады.
II кезең – Психометриялық емтихан тапсыру
Білім алушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының кез келген педагогикалық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанындағы арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, педагогикалық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқасы және көшірмесі);
- 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты (бар болса);
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
III кезең – Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру
Ақылы оқуға конкурсына қатысу үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін талапкерлерді институттың қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттар топтамасын мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген.
Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі
№ |
Құжаттарды қабылдау мерзімдері |
Комиссия отырысының күндері |
1 |
01.07.2023 – 10.07.2023 |
25.08.2023 |
2 |
25.07.2023 – 16.08.2023 |
|
3 |
21.08.2023 – 23.08.2023 |
IV кезең – Институтқа білім алушылар қатарына қабылдау
Ақылы негізде институтқа оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін студенттер қатарына қабылдауды институттың қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырады.