Музыка және бейнелеу өнері кафедрасының стратегиялық жоспарды жүзеге асыру нәтижесі жөніндегі ақпарат
Музыка және бейнелеу өнері кафедрасы өз іс-әрекетін АрқПИ-дың 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырып жатыр. Іс-әрекет бәсекелестікке қабілетті музыка және бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау мен оқу орындары жүйесінде жұмыс істей алуға құзіреттілігін қалыптастыру.
Дайындау 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» және 5В010600 – «Музыкалық білім» ББ бойынша жүргізіледі.
5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу - 2, 6В01405 – Көркем еңбек, графика және жобалау мамандығы бойынша – 28, оның ішінде күндізгі бөлім студенттері – 30. 30 білім алушының 2-і мемлекеттік білім беру грантының иегері болып табылады. 5В010600 – Музыкалық білім мамандығы бойынша - 80, оның ішінде күндізгі бөлім студенттері – 60, сырттай бөлім студенттері - 20. 80 білім алушының 3-і мемлекеттік білім гранттарының иегерлері. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аясында кафедра (2020 ж. 27 тамыздағы № 1 хаттама) келесі бағыттарда жұмыс жасады:
1. Көп тілді педагогикалық кадрлар даярлау
2013 – 2014 оқу жылынан 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығында екі тілде «Кәсіби қазақ (орыс тілі)» жүргізіледі.
2013 – 2014 оқу жылынан 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығында «Кәсіби қазақ (орыс тілі)» пәндері екі тілде жүргізіліп келеді.
2. Оқу үрдісінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын күшейту
Музыка және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушылар құрамымен жыл сайын оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару жұмысы жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары төмендегідей оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындалды және баспадан шығарылды:
- 2016-2017 г. – 7 оқу-әдістемелік құрал (Турикпенова С.Ж., Байсенгиров М.К. Жарасканов К.С., Узаков С.А., Жармаганбетова Ж.Р., Шаяхметова А.А.)
- 2017-2018 г. – 1 оқу-әдістемелік құрал (Байсенгиров М.К.), 1 электронды оқу құрал (Шаяхметова А.А.).
- 2018-2019 г. – 2 электронды оқу құрал (Жармаганбетова Ж.Р., Жунусов С.С., Байсенгиров М.К.)
- 2019-2020 ж. - 3 оқу-әдістемелік құрал (Турикпенова С. Ж., Адамкулов н. Е., Байсенгиров М. К., Турикпенова С. Ж., Жамитова А. А.);
Оқу – әдістемелік құрал
Оқытушылардың шығармашылық жұмыстарының каталогы
Студенттердің шығармашылық жұмыстарының каталогы
Электронды оқулықтар
3. 12 жылдық жалпы орта білім беру бағдарламасын есепке ала отырып мамандар даярлаудың ғылыми-әдістемелік базасын жаңарту
Кафедрада жыл сайын мамандықтардың оқу жоспарын жаңарту жұмыс берушінің қажеттілігіне қарай ҚР БҒМ хаттары негізінде жүргізіліп отырылады. Соңғы үш оқу жылында оқу жоспарына келесі пәндер енгізілді:
"Педагогтың сөйлеу мәдениеті" (5 семестр, 2 кредит – 2018-2022 оқу жылының модульдік оқу жоспарында музыка мұғалімінің кәсіби дайындық модулінде "жастардың музыкалық бос уақыты" (1 кредит, 7 семестр) кіріктірілген пәні оқытылады, онда "сөйлеу мәдениеті" (2 кредит, 7 семестр), "Педагогикалық шеберлік" (5 семестр, 2 кредит) қарастырылады. - Педагогтің кәсіби даярлық модулінде "Педагогикалық шеберлік негіздері" пәні 2 кредит, 5 семестр), "критериалды бағалау технологиялары" (Педагогтің кәсіби даярлау модулінде "критериалды бағалау технологиялары" пәні 4 семестр, 2 кредит жүргізіледі), "зерттеу әдістері" пәні (5 семестр, 3 кредит - Музыкалық білім беру тарихының модулінде "ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру" пәні 3 кредит, 7 семестр), "хормейстер шеберлігі" (1-7 семестр, 7 кредит) оқытылады. – арнайы пәндер модулінде "хорды басқару шеберлігі" пәні 4 кредит, 3-6 семестр жүргізіледі; музыка мұғалімінің кәсіби дайындық модулінде "музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хормен дирижерлеу)" пәні оқытылады 3 кредит, 7 семестр); ББ 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу - " Дизайн негіздері "(6 семестр, 3 кредит) - 2018-2022 оқу жылының модульдік оқу жоспарында дизайн және мүсін технологиясы модулінде" дизайн негіздері технологиялары "пәні оқытылады, онда" компьютерлік дизайн " пәні де қарастырылады, барлығы 6 кредитті, 6,7 семестрді құрайды.
4. 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» және 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандықтарындағы студенттердің үлгірімдері мен оқу сапасы
МАК нәтижесі – орташа көрсеткіш 3 жылға ( 2017-2018 г., 2018-2019 г., 2019-2020 г.)
- 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» ББ – 95, 6 %.
- 5В010600 – «Музыкалық білім» ББ – 98,5 %.
5. Мамандықтың стратегиялық бағыттары бойынша арнайы элективтік пәндерді әзірлеу және енгізу
ЖОО-ның стратегиялық жоспарына сәйкес элективті пәндерді енгізу бағыты анықталған. 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» ББ бойынша: Көркемдік білімді оқыту әдістемесі (2 кредит); 5В010600 – «Музыкалық білім» ББ: Жаңартылған мазмұнындағы жалпы білім беретін мектепте музыканы оқыту әдістемесі (2 кредит).
6. Институт, қала көлемінде өткізілетін мәдени іс-шараларға студенттердің белсенді қатысуы
Музыка және бейнелеу өнері кафедрасының студенттері институтішілік, қалалық шараларға қатысып келеді.
2017-2018 оқу жылы кафедра студенттері белсенді түрде денсаулық күніне; «Музыкалық білім» ББ студенттері «Ән-жырым саған, туған ел!» атты есеп беру концертін; «Студенттік көктемі, «Мәңгілік Ел – Мәңгілік Казақстан» байқауына қатысты. 2017 жылы 27-30 қазан күндері «Ұлы дала бояулары» атты халықаралық өтті. Көрмеге Туркия мемлекеті Памуккале университеті және Россия Федерациисының Нижневартов мемлекеттік университеттері қатысты; 30 қараша күні қала мектептерінің бітіруші түлектерінің қатысуымен «Ашық есік күні»; 25 желтоқсан күні ИЗО-12 тобының студенті Ю.О. Буймистровтің «Сызықтар әлемі» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі; 13-14 ақпан күні онлайн режимінде «Туған ел табиғаты» аттысурет байқауы; 3-4 наурыз күндері қала мектеп оқушылары арасында «Бейнелеу өнері» және «Сызу» пәндерінен I пәндік олимпиада; 20 сәуір күні қала мектеп оқушылары арасында «Өнерлі өрен» атты музыкалық байқау; «Қазіргі Қазақстанның діни ахуалы жайлы түсінік беру» қала мешітінің имамы Торгайбай Уалиевтің қатысуымен тәрбиелік іс-шара және МБ-31 тобының студенттерінің ұйымдастырумен Фурманов ауылында «Ұлы істің ұлы күні - наурыз» атты мерекелік концерт өткізілді;
2018-2019 оқу жылы «Музыкалық білім» ББ студенті Тұрсынбек Ақжол мемлекеттік бағдарламаға қатысып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін Арқалық қаласының әкімі Э.Күзенбаевтан «Алғыс хат» алды және «Ауыл-ел бесігі» атты ауыл жастары және еріктілер форумда «Рухани жаңғыруға жастар көзімен» семинарға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Желтоқсанның 6 жұлдызында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Саз өнері-рухани қазына» атты дәріс – концерт өтті. Іс-шараға оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Темирбеков Нурлыхан Муханович, Ректордың кеңесшісі, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің директоры Тасмағанбетов Сабыржан Нұрсалиұлы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен, Родина орта мектебінің қонақтар қатысты. 2018 жылдың 24 желтоқсан күні «Жыл студенті» атты салтанатты кеште МБ-11 топ студенттері: Нағашыбай Жоламан, Тұрысбек Нұртөре, МБ-31 тобының Тұрсынбек Ақжол, Сәбит Жанболат, Сапар Әлишер және МО-32 (жедел) Рябчинская Мария өз өнерлерін көрсетті. «Тарих және өнер» факультеті «Музыка және бейнелеу өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне «Нұр себеді аналардың жанары» атты үлкен мерекелік концертке МБ-11, МБ-22, МБ-31, МО-32 тобының студенттері және оқытушыларда өнер көрсетті. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы 2018 жылдың 5 желтоқсан күні өткізілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен онлайн режимінде «INSPIRATION-SHABYT» халықаралық конкурста, 30 минут ішінде портрет нобайын шебер орындап, Гран при жүлдесін 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» ББ 4 курс студенті Себенова Багда, 3 орынды 4 курс студенті Төлеухан Парасат пен 3 курс студенті Магзумова Алтынкул иеленді. Жетекшілері ҚСО мүшесі, АрқМПИ доценті Ұзақов С.Ә. БС-41, 42 тобының студенттері сәуір айының 4-де Алматы қаласында өткізілген Республикалық XI олимпиадасына Себенова Багда мен Төлеухан Парасат мамандық бойынша көптеген жүлделі орындарға ие болып және жалпы командалық 2-ші орынға ие болып қайтты. Нұр-султан қаласынан арнайы шақыртумен келген 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу ББ түлегі, арнайы шақыртылған қонағымыз Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Елубаев Ренат оқушыларға ашық сұхбат беріп, шеберлік сыныбын көрсетті.
2019-2020 - 4 курс студенті Утенова Назерке 29 сәуірде 5В010700 –"Бейнелеу өнері және сызу" бағыты бойынша У.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен ҚР ЖОО арасындағы республикалық байқаудың екінші кезеңінде "Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы көркем еңбектің маңыздылығы" тақырыбындағы 2 орын алды. 2 курс студенті Ахмедия Г. "Пейзаж жанрының тәсілі-дәстүрлері" тақырыбында ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсына қатысты, ғылыми жетекші аға оқытушы Жарасқанов Қ.С.; 3 курс студенті Буймистров Ю. "Кескіндеме және сурет материалдары мен техникасы" тақырыбындағы ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсына қатысты, ғылыми жетекшісі аға оқытушы Байсенгирова М. К.; 3 курс студенті Сардарова Т. "Күй өнерінің атасы Құрманғазы" атты ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсына қатысты, ғылыми жетекшісі аға оқытушы Бегалова М. С.; 2 курс студенті Елеупова А. "И. С. Бахтың, Г. Ф. Гендельдің полифониялық шығармалары" тақырыбындағы ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсына қатысты, ғылыми жетекші аға оқытушы Шаяхметова А. А.
Аға оқытушы Қ.С.Жарасқановтың басшылығымен БС-41 тобының студенті Мағзұмова А. қазан айында Қостанай қаласында өткен «Жас толқын» Республикалық байқауына қатысып, кескіндеме номинациясы бойынша III орынды иеленді. 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аға оқытушы Ж.И.Бөлтірікованың жетекшілігімен МБ-11 тобының студенті Балкен Айнаш Арқалық қаласында өткен «Таланты Казахстана» атты халықаралық жоба байқауында Е.Үсеновтің «Өмірдастан» композициясын қобыз аспабында орындап Гран-при жүлдесін иеленді.
Аға оқытушы Бегалова М.С. жетекшілігімен МБ-41 тобының студенттері Нағашыбай Ж., Сапарова М. Қостанай қаласында ҚМПУ де өткен Абайдың 175 жылдығы мерейтойына «Абай оқулары» атты Абай әндерінің байқауына қатысып, сертификат иеленді.
Студенттер қоғамдық қорғалған
5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттерін оқу үрдісіне қажетті құралдар (ватман, қарындаш, майлы бояулар, түрлі қылқаламдар, акварель, гуащ бояулары, кенеп, багет, бисер, әртүрлі жіптер, рейка) мен қамтамасыз етілген.
5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттерінің оқу үрдісіне қажетті (домбыра, фортепиано, қобыз, баян, аккордеон, оркестрге киетін ұлттық киімдер) мен қамтамасыз етілген.