Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер үйіне қабылдау және шығару туралы ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Аталған Ереже Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына және актілерге сәкес құрастырылған.
1.2. Ерже АрқМПИ-дың локалды нормативті актісі болып есептеледі.
2. Комиссия құру ереждесі
2.1. Студенттерге орын беру арнайы құрылған коммисяның шешімі бойынша, арнайы байқау арқылы жүзеге асырылады.
2.2. Комиссия құрамы:
• Оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректор – төраға;
• Тәрбие жұмысы басқармасының бастығы;
• Факультет декандары;
• Студенттер үйінің коменданты.
2.3. Комиссияның басты миссиясы жазылған өтініштерді объективті және таза қарастыру,осы қорытындылар бойынша студенттердің құқықтарын шектемейтін шешімдер қабылдау;
3. Студенттер үйінде орындар бөлу ережесі
3.1. Конкурстық комиссия осы Ережеге сәйкес белгіленген нысан бойынша студенттердің жазбаша өтініштерінің негізінде Студенттер үйіне орын бөлуді жүзеге асырады немесе «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық нысанда берілген өтініш негізінде - қоса тiркей отырып, www.e.gov.kz оның мәртебесін растайтын тиісті құжаттармен бірге.
3.2 . Конкурсты комиссия Студенттер үйінен орындарды беруді келесі басымдылықтарды ескере отырып жүзеге асырады:
• мүгедектер қатарындағылар, бала кезінен мүгедектер, 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер;
• «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер;
• өзге ел азаматтары.
3.3. Өздерінің шешімдері бойынша комиссия жатақханаға орналастырылатын студенттер тізімін оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректорге ұсынады.
3.4. Бекітілген тізімге сәйкес тәрбие жұмысы басқармасы бір жылға тұруға мүмкіндік беретін ордер береді.
3.5. Оқу жылының соңында Студенттер үйінде тұру құқығына институттың қоғамдық, мәдени өміріне белсене ат салысқан студенттер ие болады.
3.6. Ақылы бөлімде оқитын өзге қала студенттеріне бос орындар болған жағдайда жалпы ережеге сәйкес орындар беріледі.
3.7. Жыл басында Студенттер үйінде орын алмаған студенттер, жыл бойында босаған орындарға үміткер бола алады.
3.8. Студенттерді бір жатақханадан келесі жатақханаға көшіру нақты себептері көрсетілген өтініш арқылы, оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректордың рұқсатымен іске асырылады.
4. Студенттер үйлерінен шығару ережелері
4.3. Студенттер үйінен шығару тәртібі:
• Студент оқудан шыққан жағдайда;
• Студенттер үйінің ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда;
• Академиялық үлгірімі төмен студенттер;
• АрқМПИ студенттерінің ар-намыс кодексін бұзған жағдайда;
• Ақылы білім беру қызметін көрсету келісім – шартының шарттарын бұзған жағдайда;
• ҚР заңнамаларында және АрқМПИ актілерінде қарастырылған өзге де жағдайларда.
4.4. Студенттер үйінен шығару оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректордың шешімен іске асырылады.