«Órken-2019» дәстүрлі студенттік ғылыми-тәжіребиелік
«МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІ – ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ»
«Órken-2019» дәстүрлі студенттік ғылыми-тәжіребиелік конференцияның өтілуі жөніндегі
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ғылым күні аумағында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы студенттерді «Órken-2019» дәстүрлі ғылыми-тәжіребиелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция заманауи әлемдегі педагогтың мәртебесі, бейнесі мен ролі мәселелеріне арналған.
Педагог – қоғамымыздың басты тұлғасы ретінде заманауи әлемде ең маңызды мамандықтарының бірі болып саналады. Барлық уақытта да ағарту ісінің аса көрнекті қайраткерлері қоғамдық өмірде педагогтың ролі мен мәртебесін жоғары бағалаған. Себебі, кез келген мемлекеттің экономикалық өркендеуінің негізі білім беру саласында екені белгілі және оның сапасы тікелей педагог қызметкерлерінің мәртебесімен байланысты.
Конференция барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- заманауи әлемде педагог тұлғасының рөлі;
- заманауи қоғамда мұғалім мәртебесі;
- заманауи педагогтың кәсіби іс-әрекеті: мәселелері, тенденциялары, инновациялары;
- білім беру мазмұның жаңарту мақсатында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін психологияландыру.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция қашықтықтан өткізіледі. Конференцияның қортындысы бойынша «Órken-2019» ғылыми еңбектердің Дайждесті (жинағы) электронды түрде жарияланады. Материалдар жарияланымы тегін.
Дайджестте (жинақта) материалдарды жариялау үшін 2019 ж. 27 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысу үшін өтініштің (қосымша 1), талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланың (қосымша 2) электронды нұсқасы жіберіледі.
Өтініш пен мақаланы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына, хаттың тақырыбында «Мақаланың аты немесе алғашқы автордың аты-жөнің» көрсетіп жіберу қажет.
Ұйымдастыру комитеті конференцияның мазмұнына және рәсімделу талаптарына жауап бермейтін баяндамаларды жарияламауға құқығы бар.
Анықтамалар үшін ақпарат: Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы, байланыс телефоны: 87783098889, Акылбекова Эльмира Акылбековна, контактный телефон: 87784934910.
Қосымша 1
ӨТІНІШ*
1. |
Тегі, Аты-Жөні |
|
2. |
Мамандықтың/білім беру бағдарламасының шифры мен атауы |
|
3. |
Курс |
|
4. |
Электронды пошта (кері байланыс үшін) |
|
5. |
Байланыс телефоны (кері байланыс үшін) |
|
6. |
Мақаланың атауы |
|
7. |
Ғылыми жетекшінің Тегі, Аты-Жөні |
|
8. |
Ғылыми жетекшінің жұмыс орны |
|
9 |
Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, атағы |
|
*әр авторға жеке толтырылады
Қосымша 2
БАЯНДАМА ДАЙЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақала doc, docx форматында, көлемі – 5 бетке дейін;
А4 форматында (сурет пен кестені қосқанда), барлық жағынан – 20 мм;
Абзацтық/азат жол – 1,0 см (автоматты тасымалдау рұқсат етіледі), теңестіру – көлденеңінен;
Times New Roman қаріпінде терілуі тиіс, өлшемі – 14, жол аралық қашықтық – 1,0.
Баяндамада суреттер мен фотолар ақ-қара түсте және жеке файл ретінде (JPEG форматында жеке-жеке файлда) берілуі керек. Суреттер, фотолар және кестелер нөмірленіп, атауы беріліп, баяндамада сол сурет пен кестеге сілтеме болуы қажет.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеуде рет саны мен беті міндетті түрде тік жақшаның ішіне алынады, мысалы [1, 5 б.].
Баяндамада қазақ (түйін), орыс (резюме), ағылшын (summary) тілдерінде түйін берілуі керек.
БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:
БАЯНДАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
(қалың шрифт, жолдың ортасында, сөз тасымалдаусыз)
бос жол
Автордың тегі, аты-жөнінің тек бас әріптері ғана
Мамандықтың шифры мен атауы, курс
бос жол
Ғылыми жетекші: тегі, аты-жөнінің тек бас әріптері ғана
бос жол
Түйін.
Резюме.
Summary.
бос жол
Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.
бос жол
Әдебиеттер тізімі:
Әдебиеттер тізімі мақаланың мәтінінде қолдану реті бойынша құрылады.