«Білім берудегі сандық технологиялар: мәселелері мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    2018 жылдың 17 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Білім берудегі сандық технологиялар: мәселелері мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

    Конференцияның мақсаты: білім беруде сандық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін, перспективалық бағыттарын қарастыру, тәжірибе алмасу.

    Конференцияның өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
    Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізеді:
1. Жаратылыстану пәндерін оқытудағы сандық технологиялар
2. Гуманитарлық пәндерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде
info-10112017@mail.ruэлектронды адресіне төмендегі тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)
2. Баяндама материалдары (2-қосымша)
3. Жарияланымның төленгендігі туралы сканерленген түбіртек (конференцияға қатысу жарнасын мақала қабылданғандығы туралы хабарлама алғаннан кейін төлеңіз)

     Рецензиядан өтіп, қабылданған материалдар конференция қарсаңында жария етіледі. Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.
   Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 71430 72488 (ішкі 135). Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, информатика кафедрасының меңгерушісі Ескермесұлы Әлібек, ұялы тел. 87015922668
    Қабылдаушы тұлғалар:
Жамалова Самал Арыновна, ұялы тел. 87770123706
Байзакова Сауле Связхановна, ұялы тел. 87013371462
Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:
Қатысушылар үшін 3000 теңге ұйымдастырушылық жарнасы, мақала қабылданғаннан кейін есепшотқа аударылуы тиіс.
Түбіртекте конференцияға қатысушының аты-жөні, «Білім берудегі сандық технологиялар: мәселелері мен келешегі» конференциясына қатысу үшін деп көрсетілуі керек. Түбіртектің электрондық көшірмесін info-10112017@mail.ru мекен жайына жіберу керек.

   Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.


1-қосымша


«Білім берудегі сандық технологиялар: мәселелері мен келешегі» тақырыбында
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушының
ӨТІНІШІ

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми (академиялық) дәрежесі

 

Ғылыми атағы

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Мекен-жайы

 

Қызмет телефоны

 

Ұялы телефоны

 

Электронды поштасы

 

Конференция жұмысының бағыты (секция)

 

Баяндама тақырыбы

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                 2-қосымша
Баяндама мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар

   Бет көлемі А4 форматында, кітаптық бағдардағы 4-6 бетті құрауы тиіс, жиектері жан-жағынан – 2 см, ені бойынша түзетілген, тасымалсыз, беттер нөмірленбеген.
  Шрифт – Times New Roman, мөлшері кегль 14, азат жол – 1, жоларалық - 1 интервал. Тырнақша тек қана «» түрінде белгіленуі тиіс. Келтірілген мысалдар курсивпен белгіленуі керек. Математикалық формулалар Microsoft Equition 3.0 редакторында басылады. Сканерленген суреттер JPEG, JPG форматында 300 dpi аспау керек.
   Баяндама атауы қою шрифтпен ортасында көрсетіледі. Автордың толық аты-жөні, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, қала, электронды поштасы оң жақ шетіне курсивпен жазылады.    Егер баяндама қазақ тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздері орыс және ағылшын тілінде рәсімделеді. Егер баяндама орыс тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздер қазақ және ағылшын тілінде рәсімделеді. Түйін сөз (3-5 сөз). Әдебиеттерге сілтеме тік жақшамен [тізім бойынша дереккөзінің нөмірі, бет нөмірі] көрсетіледі, мысалы [5, 123]. Библиографиялық тізім мақаланың соңында көрсетіледі (сілтеме реті бойынша).
  Файл атауы автордың тегімен сәйкес болу керек. Мысалы, Ильясов_мақала деген атаумен info-10112017@mail.ruэлектронды адресіне жіберу керек.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Ильясов Серік Омарович
ф-м. ғ.к., профессор
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Арқалық, Қазақстан

Орыс тілінде аннотация (3-5 сөйлем)
Орыс тілінде түйін сөздер (3-5 сөз)
Ағылшын тілінде аннотация (3-5 сөйлем)
Ағылшын тілінде түйін сөздер (3-5 сөз)
Мәтін………………….
Әдебиеттер
1.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Мақаланы жариялау үшін төленетін жарна мына реквизиттер бойынша жіберіледі:
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
110300, Арқалық қ., Әуелбеков к-сі, 17
РНН 551200001849
БИН 990240005309
БИК EURIKZKA, Кбе: 16
№ KZ 4294807KZT22030789
«Еуразиялық Банк» АҚ №7 филиалының №703 бөлімшесі
Конференцияға қатысу үшін.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ