«Өркен-2017» студенттердің институтішілік ғылыми-зерттеу конференциясы «ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК» (24 қараша 2017 жыл)

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасы 2017 жылы 24 қарашада Ғылым күні аумағында педагогикалық білім беру жүйесіндегі дуалды оқыту мәселесіне арналған «ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК»  тақырыбындағы  «Өркен-2017» студенттердің институтішілік ғылыми-зерттеу конференциясы ұйымдастырды.

Отандық педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдерге тәжірибелік-бағдарланған дайындықты талап етеді. Осы тұрғыдан теориялық дайындық пен тәжірибелік іс-әрекеттің интеграциясына бағдарланған дуалды оқыту жүйесінің өзектілігі арта түсуде. АрқМПИ профессоры, ф.ғ.к., «Педагогика және филология» факультетінің деканы А.Қ.Киікбайұлы «Педагогика және психология» кафедрасы ұйымдастырып  отырған «Дуалды оқыту жүйесі: тәжірибе және келешек» тақырыбындағы  «Өркен-2017» студенттердің институтішілік ғылыми-зерттеу конференциясы Қазақстандағы дуалды оқыту жүйесінің жай-күйі мен тәжірбиесі, келешегі туралы ой қозғап, пікір алмаспақ. Конференция қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті тақырыпқа арналып отыр деп нық сеніммен айта аламыз деп құттықтау сөзін білдіріп, конференция жұмыстарына сәттілік тіледі! Конференцияда, «Қазақстан Республикасында дуалды педагогикалық білім беру», «Педагогикалық мамандықтарға жастарды кәсіби бағдарлау» бағыттарында өзекті мәселелер арқау етілді. 

Жинаққа «Дуалды оқыту жүйесі: тәжірбие және келешек» тақырыбындағы «Өркен-2017» студенттердің институтішілік ғылыми-зерттеу конференциясының материалдары енгізілді. ISBN 978-601-7947-13-26, УДК 378, ББК 74.58, Д 77 Жалпы ред – Арқалық, Ы.Алтынсарин  атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – 134 б. – қазақша, орысша.

Stud konf

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ