«Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы: жетістігі, болашағы» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2021» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (12 сәуір 2021 жыл)
2021 жылдың 12 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы: жетістігі, болашағы» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2021» Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Негізі 1972 жылдың 12 сәуірінде қаланған Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты келер жылы 50 жылдық торқалы тойын атап өтпекші. Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аталған мерейтойдың бастауы болды.
Конференцияның мақсаты: Қазақстанның қазіргі таңдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелерін қарастыру.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары алдында кіріспе сөзді АрқПИ Басқарма Төрағасы-Ректор г.ғ.д., профессор С.Б.Қуанышбаев бастады.
Конференция баяндамашылары: «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» президенті, PhD доктор Бейсембаев Ғани Бектайұлы (Заманауи білім мен ғылымның өзекті мәселелері); «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры, т.ғ.д., профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы (Заманауи тарихтың теориялық мәселелері); В.П.Астафьев (Ресей) атындағы Краснояр мекмлекеттік педагогикалық университетінің «Математика және математиканы үйретудегі әдістемесі» кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к., Ларин Сергей Васильевич; «Математика және математиканы үйретудегі әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Майер Валерий Робертович (О концепции учебного пособия «Аналитическая геометрия с анимационными рисунками»); Назарбаев зияткелік мектебі, Шымкент қаласы, биология пәнінің модератор-мұғалімі Есенова Гауhар Сайлауқызы (Саралап оқыту арқылы академиялық үлгерімді дамытуға бағытталған іс-әрекеттегі зерттеу); Тарих пәнінің эксперт-мұғалімі Ибраева Алтынай Макатовна; АрқПИ профессоры, ф.ғ.к., Конкина Гүлбаршын Спанқызы («Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және Алаш тағылымы: тарихи сабақтастық мәселелері) болды.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1. Жаратылыстану пәнін оқытудың заманауи технологиялық бағыттары
2. Гуманитарлық пәндерді оқытудың басты мәселелері
Баяндамашылар қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушылар диалогтың, талқылаудың және шешімдерді әзірлеудің белсенді қатысушылары болды.