Студенттік ғылым 2016-2017 жыл

Педагогикалық жоғары оқу орындарда студенттердің ҒЗЖ дайындықтары-жекелеген білім беру, осы істе уәждемелі-құнды қарым-қатынасты қоса атқаратын және жеке субъект жағдайын анықтайды, әдіснамалық білім жүйесі, зерттеу икемділігі, кәсіби-педагогикалық тапсырмалардың шешімін табуда мүмкіндік жасайды. Жеке жобалар мен ұжымдық іс-шаралар, кафедралардағы ғылыми іс-шаралардың ұйымдастырлуы, ғылыми студенттік үйрмелер Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ең негізгілері болып келеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша кафедралар қызметі және ғылыми бағыттарымен байланысты, сондай-ақ студенттерді өзіндік бастама алған тақырыптарын орындауға тарту арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда белгілі бір өзіндік бастау алған тақырыптар бойынша жұмыс әр түрлі байқаудағы ғылыми жобалар, студенттермен бірге ғылыми мақала дайындау түрінде іске асырылады.
Институт кафедраларында 308 - студентті қамтитын, яғни күндізгі бөлім студенттер контингентінің 26,6 % құрайтын 15 ғылыми топ жұмыс жасайды, олар: «Лингво», «Тезаурус», «Химия және өмір», «Биология – тіршілік көзі», «География және экология», «Өркен», «Алгорифм», «Ізденіс», «Паскаль»,«Архимед», «Қазақстан тарих, құқық және экономика негіздері» кафедрасының жанындағы студенттік ғылыми үйірмесі, ««Сырлы бояу», «Дәстүрлі халық әні», «Сәндік-қолданбалы өнер» , «Жеңіс».
Үйірмелердің ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарлры бойынша студенттік іс шаралары өткізілді, нәтижелер бойынша арнайы портфолиялары жинақталған. Оқу орын ішінде студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциялар, пән бойынша олимпиада, ғылыми және шығармашылық жоба, реферат байқаулары және т.б. түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. СҒЗЖ-ның жоспар бойынша есеп беру мерзімінде 52 - ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік іс шаралар өткізілді.

Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауларына қатысу

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына кафедра ПОҚ-ның ғылыми жетекшілігімен қатысқан студенттері жыл сайын жүлделі орындарға ие болып жүр, қатысу белсенділігі де жылдан жылға артып келеді.
Мысалы, 2014 - 2015 оқу жылында 20 жұмыстан, 4 жүлделі орын - 20 %, 2016 - 2017 олқу жылында 35 жұмыстан, 10 жүлделі орын - 28,57%, 2016-2017 оқу жылында 30 жұмыстан – 11 жүлделі орын, 1 – ҚР БҒМ алғыс хат, нәтижелілігі 40%-ды құрады.
Қорытындысында 12 жұмыс ҚР БҒМ дипломымен марапатталады

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ