«Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі» тақырыбында республикалық форум
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2019 жылдың 15 қараша күні Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Жастар жылы – 2019» аясында шетелдік ғалымдардың қатысумен өтетін «Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі» тақырыбында республикалық форум өткізеді.
Форумның мақсаты: сандық білім беру жағдайында жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және талантты жастарды қолдау.
Форумның өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Форум келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізеді:
1. Жаратылыстану пәндерін оқытудағы сандық білім;
2. Гуманитарлық пәндердін оқытудағы сандық білім.
Форумға қатысу үшін 2019 жылдың 11 қарашасына дейінгі мерзімде
info-10112017@mail.ru электронды адресіне төмендегі тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Форумға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша).
2. Баяндама материалдары (2-қосымша).
3.Жарияланымның төленгендігі туралы сканерленген түбіртек (Форумға қатысу жарнасын мақала қабылданғандығы туралы хабарлама алғаннан кейін төлеңіз).
1. Форум аясында өтетін іс-шаралар: семинар, вебинар, онлайн конференция, дөңгелек үстел, олимпиада, жобалар сайысы.
Рецензиядан өтіп, қабылданған материалдар форум қарсаңында жария етіледі. Форум жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.
Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 71430 72488 (ішкі 135). Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, информатика кафедрасының меңгерушісі Ескермесұлы Әлібек, ұялы тел. 8-701- 592 -26- 68
Қабылдаушы тұлғалар:
Жамалова Самал Арыновна, ұялы тел. 8-705-597-06-61
Алиева Гулим Сабитхановна, ұялы тел. 8-775-257- 98- 67
Форумға қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:
Ұйымдастырушылық жарнасы қатысушылар үшін 2000 теңге, студенттер үшін 1500 теңге, мақала қабылданғаннан кейін есепшотқа аударылуы тиіс.
Түбіртекте форумға қатысушының аты-жөні, «Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі» форумына қатысу үшін деп көрсетілуі керек. Түбіртектің электрондық көшірмесін info-10112017@mail.ru мекен жайына жіберу керек.
Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе форумға қатысушының есебінен жүргізіледі.
Мақаланы жариялау үшін төленетін жарна мына реквизиттер бойынша жіберіледі:
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
110300, Арқалық қ., Әуелбеков к-сі, 17
РНН 551200001849
БИН 990240005309
БИК EURIKZKA, Кбе 16
№ KZ 4294807KZT22030789
«Еуразиялық Банк» АҚ №7 филиалының №703 бөлімшесі
форумға қатысу үшін.
1-қосымша
2019 - Жастар жылы аясында халықаралық қатысумен өтетін «Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі» тақырыбында республикалық форумға қатысушының
ӨТІНІШІ
Тегі |
|
Аты |
|
Әкесінің аты |
|
Ғылыми (академиялық) дәрежесі |
|
Ғылыми атағы |
|
Жұмыс орны |
|
Лауазымы |
|
Мекен-жайы |
|
Қызмет телефоны |
|
Ұялы телефоны |
|
Электронды поштасы |
|
Форум жұмысының бағыты (секция) |
|
Баяндама тақырыбы |
|