«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Қоғамның, оның қызметкерлерінің және білім алушылардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, корпоративтік Әдеп кодексін, ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып көшірмелері;
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген тиісті нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) ұсынады;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, 116 кабинетке тапсыру қажет. Телефоны: 8(71430)7-24-88. Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Толығырақ ақпарат институттың ресми сайтында (https://api.edu.kz) жарияланады.