Төлегенов оқулары – 2024

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 2024 жылдың сәуір айының 10 күні «Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, технологиялар» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Қазақстанның қазіргі таңдағы білім жүйесінің өзекті мәселелерін талдау, білім жүйесіндегі тенденциялар, инновациялар мен технологияларды қарастыру, тәжірибе алмасу.
Конференцияның өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
1) жаратылыстану бағыты;
2) әлеуметтік-гуманитарлық бағыт.
Конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 01 сәуіріне дейін төмендегі тізімдегі құжаттардың электронды нұсқасын секция бойынша көрсетілген адреске ұсыну қажет:
I секция: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
II секция: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)
2. Баяндама материалдары (2-қосымша)
3. Ұйымдастыру жарнасы төленгендігі туралы сканерленген түбіртек – конференцияға қатысу жарнасын мақала қабылданғандығы туралы хабарлама алғаннан кейін төлеңіз.
Мақаланың қабылданғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, электронды почтаға жарнаны төлеу реквизиттері жіберіледі. Түбіртектің электронды нұсқасы электронды почтаға жіберілгеннен кейін ғана мақала жинаққа енеді.
Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 71430 72488 (ішкі 444).

Жауаптылар:
Ажибекова Перизат Сейтхановна, ұялы тел. 87075151011
Ахатова Сымбат Жұбатайқызы, ұялы тел. 87024936093

Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:
Мақала қабылданғаннан кейін қатысушылар 2000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын есепшотқа аудару тиіс.
Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Ақпраттық хатты жүктеу

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ