«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректорының бос лауазымына конкурс жариялайды

110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қоғам қызметінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің, ғылыми атағының бар болуы (болғаны жөн);
2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;
3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен мемлекеттік жастар саясатының қағидаттарын білу (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен);
4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;
5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік;
6) қазақ және орыс тілдерін, ағылшын тілін (құпталады) меңгеру;
7) ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.
Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру сертификаттары (куәліктері) болуы құпталады.

Конкурсқа қатысушы үміткерлер мазмұнында келесі мәселелер қамтылған Қоғамды дамыту бағдарламасын ұсынады:
1) 5 жылға арналған Қоғамды дамытудың негізгі бағыттары бойынша пайымы, миссиясы, Қоғамдағы бекітілген құжаттарына сәйкес және мемлекеттік мүдделер мен міндеттер ескерілген Қоғамның құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары);
2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу жолдарын көрсету);
3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және оларды шешу бойынша ұсыныстар (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, шешімдер сабақтастығы);
4) конкурсқа қатысушы ұсынған Қоғамның даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.
Қоғамның даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек.Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:.

Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:

1. жиырма бес жастан кіші;
2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
5) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары.
- Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар және зертханалар тарапынан берілген, сонымен қатар өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган тарапынан берілген білім туралы аталған құжаттарды нострификациялау немесе растау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган тарапынан берілген аталған білім беру құжаттарын растау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі;
6) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
7) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы № 075/у үлгісі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурс өтетін күн мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне жеткізу қажет (643-каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26,74-19-16,74-20-38.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ