«Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ» КЕАҚ әлеуметтік-психологиялық қызметінің психологы бос лауазымына конкурс жариялайды

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ, 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш. 17, әлеуметтік-психологиялық қызметінің психологы бос лауазымына конкурс жариялайды

Үміткерлердің құжаттары осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) еңбек өтілі тізімі;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) жоғары білімі, ғылыми және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі (бар болса);
6) соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
7) құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 086/у нысанындағы медициналық анықтама;
8) адамның қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi берген жазбалар бойынша мәлiметтердiң болуы немесе болмауы туралы анықтама;
9) құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
11) әлеуметтік-психологиялық қызметін жетілдіру бойынша өз көзқарасын презентациялау.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурстың өтетін күні: 22.02.2024 ж.

Қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың ұзақтығы 7-10 минут.
2. Әлеуметтік-психологиялық қызметін жетілдіру бойынша өз көзқарасын презентациялау – қағаз және электронды түрде, 7 слайдтан артық емес.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберу қажет.

Міндеттері:
1. Әр оқушыға оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке көзқарасты қамтамасыз ету;
2. Психологиялық диагностика жүргізу және студенттердің шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту;
3. Оқушылардың психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешу үшін психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
4. Психологиялық мәселелерді шешуде және тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен мұғалімдерге консультациялық көмек көрсету;
5. Педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға көмек көрсету.
6. Қоғам қызметкерлеріне психикалық денсаулық мәселелері бойынша жеке және топтық кеңестер беру;
7. ЖОО қызметкерлерінің оқу үдерісі, қарым-қатынас және жанжал жағдайлары, тиімді басқару саласындағы құзыреттілігін арттыру мақсатында топтық тренингтер өткізу.

Талаптар:
• «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша жоғары білімі;
• Психологиялық кеңес беру негіздері, практикалық психология негіздері, психодиагностика және психокоррекция, жеке тұлғалармен жұмыс істеудің заманауи құралдары;
• Сертификат немесе дипломның болуы міндетті.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502