«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде Қоғамның Директорлар кеңесі үшін объективті ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Комитеттің құзыретіне:
- Қоғамның ішкі аудиті саласындағы;
- Қоғамның сыртқы аудиті саласындағы;
- Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі саласындағы;
- Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері саласындағы мәселелер жатады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
• салалардағы жоғары кәсіптік білім: экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы және несие, және/немесе құқықтану, жоғары оқу орындарындағы білім беру процесінің ерекшеліктерін білуі және қосымша арнайы дайындығы болуы;
• жоғары оқу орындарында аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – мүмкіндігінше;
• басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 2 жыл;
• өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
• қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
3. Түйіндеме.
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі.
5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі.
6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, 116 кабинетке тапсыру қажет. Телефоны: 8 (71430) 7-24-88. Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502