Altynsarin institute-дағы дене шынықтыру және спорт

Altynsarin institute-дағы дене шынықтыру және спорт

Білім беру жүйесін реформалау жағдайында салауатты өмір салтына саналы түрде бейімделген қабілетті жас маманды тәрбиелеу және қалыптастыру өзекті міндет болып табылады.

Ол үшін Altynsarin Institute-да барлық жағдай жасалған. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын, жан-жақты білімі мен құзыреті бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүргізілуде. Осы мақсатта студенттерді, профессор-оқытушылар құрамы мен институт қызметкерлерін біріктіретін «Барыс» спорт клубы құрылған.
Жыл сайын ЖОО-да студенттердің, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің дәстүрлі спартакиадалары, сондай-ақ бірінші курс студенттері арасындағы спартакиада, факультеттер арасындағы спартакиада, «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасы және басқа да спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, институт білім алушыларына әртүрлі жарыстарда өз альма-матерінің намысын қорғауға, қысқы және жазғы Универсиадаларға, ҚР жоғары оқу орындары арасында өткізілетін студенттік лигаларда бақ сынауға, сондай-ақ ҚР, Азия, Әлем чемпионаттарына және түрлі халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Атап айтқанда, Altynsarin Institute студент-спортшылары жеңіл және ауыр атлетика, футбол, волейбол және баскетбол, қоян-қолтық жекпе-жек, дзюдо, үлкен және кіші футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және басқа да ойындарда үздік нәтижелер көрсетуде.
Институт өз шәкірттерінің спорттық жетістіктерін мақтан тұтады, студенттер қала және облыс құрама командаларының мүшелігіне өтіп, оқу орнының намысын жоғары деңгейдегі жарыстарда қорғап жүр. Өз тарихында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Олимпиада ойындарында, Әлем, Еуропа чемпионаттарында, ел біріншіліктерінде жеңіске жеткен көптеген спортшы-чемпиондарды тәрбиеледі. Бұл дәстүрлерді қазіргі буын жалғастыруда.
Айта кету керек, Altynsarin Institute спортта, білім беруде, шығармашылықта және басқа да салаларда талантты студенттерді қолдайды. Дәстүрлі түрде салтанатты іс-шараларда ректор Ержан Әмірбекұлы дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, институт үшін қабілетті, дарынды спортшыларды қолдау әрқашан басымдық болып қала беретінін атап өтіп, Үздік студент-спортшыларды назардан тыс қалдырмайды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ