Altynsarin institute-да «Төлегенов оқулары – 2024» өтті

Altynsarin institute-да «Төлегенов оқулары – 2024» өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында «Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, технологиялар» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы ағымдағы білім жүйесінің өзекті мәселелерін талдау, жалпыхалықтық мегатенденциялар, инновациялар мен технологияларды қарастыру, тәжірибе алмасу.
Ағымдағы жағдайға байланысты іс-шара қашықтықтан күндізгі форматта өтті. Елдегі орын алған оқиғаға қарамастан, заманауи технологиялар мен жабдықтар әртүрлі елдер мен қалалардың ғалымдарына, педагогтеріне қазіргі қоғам мен білім беру жүйесінің өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылауға және кездесуге мүмкіндік берді.
Конференцияға қатысушылардың географиясы Астана, Талдықорған, Шымкент, Павлодар, Тараз және т.б. қалаларды қамтуына орай ауқымды болды.
Конференция жұмысы жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы секциялар бойынша жүргізілді. Барлығы 145 өтінім келіп түсті.
Конференцияға басқа өңірлерден келген қатысушылар мен қонақтарды зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректордың м.а. Ж.Б.Байсеитова қабыл алды. Ол өз сөзінде: «Ғылым бүгінде әлемдік бәсекелестікте үлкен рөл атқарады. Ғылымның арқасында біз дамыған елдермен тең дәрежеде бәсекеге түсе аламыз. Осыған байланысты институт ұжымы елдің дамуына өз үлесін қосуда. Мұның дәлелі – дәстүрлі «Төлеген оқулары». Бұл конференция қазақстандық педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін және әр қатысушы осы жерден үлкен білім жүгімен арқалары сөзсіз», - деді.
«Төлеген оқулары – 2024» ТМД елдерінің жас зерттеушілерін, ғалымдары мен оқытушыларының басын қосты, олар үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде біліктілікті арттыру, кәсіби құзыреттілікті және заманауи оқыту әдістерін дамыту мәселелерін талқылады.
Пленарлық отырыста Н.Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі А.Б.Хамиттің білім берудің қазіргі тенденциялары туралы, Кейкі батыр атындағы №4 мектеп педагогы Қ.С.Бірмақанованың педагогтің электрондық географиялық карталарын пайдалану ерекшеліктері туралы, олимпиадалық үйірмелер туралы Уфа ғылым және технологиялар университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, жаңа мектеп жекеменшік мектебінің оқытушысы Э.А.Назирова, Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің педагогы Т. А. Молдабаева Қазақстанның заманауи білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялары туралы, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ оқытушысы Г.К.Төленова CLIL технологиясын қолдану туралы өз баяндамаларында егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Іс-шараның екінші бөлімінде секциялық отырыстар өткізілді, онда қатысушылар тәжірибелерімен және әзірлемелерімен бөлісті, педагогикалық білім беру саласындағы өзекті тенденциялар мен сын-қатерлерді талқылады. Қатысушылар арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Смоленск мемлекеттік университеті, Арқалық көпсалалы колледжі, Н.Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық университеті және т.б. білім шаңырақтарының өкілдері болды.

Конференцияны ұйымдастырушылар қызықты және есте қаларлық баяндамалар ұсынған серіктестерге алғыстарын білдіреді.

Айта кетейік, Altynsarin институтында «Төлегенов оқулары» 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын дәстүр бойынша Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының ғылым өкілдерінің басын қосады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ