Altynsarin institute эвакопунктегі тұрғындарға психологиялық қызмет көрсетуде
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Арқалық қаласындағы эвакопунктілерде психологиялық қызмет түрін ұйымдастырды.
Нақтырақ айтқанда, «Педагогика және филология» факультетінің деканы А.К.Қалиев бастап «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен әлеуметтік-психологиялық қызмет орталығының психолог мамандары институт тарапынан психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізуде.
Қиын жағдайға қалған қала іргесіндегі ауыл-аймақтың тұрғындарымен институт ұжымы жеке-дара танысып, ашық тілдесті. Олар сұхбаттасу барысында үйлерін су басып қалғанын, өздеріне тиесілі мүлкілерінің жарамсыз болғандығын, мектеп жасындағы балаларының қала мектебінде уақытша оқуын жалғастырып жатқандығын және өзге де мәселелері турасында тілге тиек етті.
Эвакопунктіге шоғырланған бірнеше отбасы мүшелеріне моральдық қолдау көрсеткен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Каратаева Татьяна Олеговна мен бір топ мамандар кешенді психологиялық қолдау шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, эвакуацияланған тұрғындар педагогика және психология, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог білім беру бағдарламалары тарапынан институтқа шақырту алып, әлеуметтік-психологиялық орталығының қызметін алуға ұсыныс қабылдады.