Altynsarin institute-да «Be smart» олимпиадасы өтті
2024 жылдың 24 сәуір күні «Педагогика және филология» факультеті «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Ағылшын тілі» білім беру бағдарламасы мектептің 10 – 11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінен «Be Smart» пәндік олимпиадасын ұйымдастырды.
Пәндік олимпиада мектеп оқушыларының ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, ағылшын тілін шығармашылықпен қолдана алатын оқушыларды анықтау, ЖОО мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты дамыту және өзара жұмыс барысын жүргізуді кеңейту міндеттерін көздеді.
Арқалық қаласы білім бөлімінің 9 мектебінен 30-ға жуық оқушы олимпиадаға қатысуға өтініш білдірді. Олар олимпиаданың өту тәртібі бойынша ағылшын тілінің үш дағдысы жазу (лексикалық-грамматикалық тест), оқылым (мәтіндік тапсырмалар), сөйлеу (ауызша тапсырма) тапсырмаларын орындады.
Олимпиадада «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі А.К.Асанова бастаған Ж.М.Бакирова, Ж.А.Оспанова, Г.Х.Ахметова, А.Н.Сейдакметова, М.М.Қасқырбаева оқытушылар құрамы әділ бағасын беріп, қазылық жасады.
Пәндік олимпиада қорытындысы бойынша:
І дәрежелі дипломмен:
1) Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы Тойлыбек Асылхан, жетекшісі: Карабаева Гульбану;
2) Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия оқушысы Алимгереева Нұрайым, жетекшісі: Курманбаева Ажар;
ІІ дәрежелі дипломмен:
1) Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия оқушысы Жолман Жанель, жетекшісі: Курманбаева Ажар;
2) Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназия оқушысы Ғазез Жайнар, жетекшісі: Алкебаева Камшат.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
1) Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия оқушысы Базарбаев Аман, жетекшісі: Курманбаева Ажар;
2) Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы Қайыржанқызы Қарақат, жетекшісі: Карабаева Гульбану.
Шара барысында қатысушы мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ мұражайлары мен арнаулы аудиториялар қамтылған экскурссия жасалды.
Барлық қатысушылар мен жетекшілік еткен мектеп мұғалімдеріне қатысқандығын растайтын сертификат табыс етілді.