2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы бойынша Altynsarin institute «Жаратылыстану ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша АР23486342 «Штурм-Лиувилл операторы үшін жеке дифференциалдық теңдеулер» тақырыбындағы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобасын жеңіп алғанын қуана хабарлаймыз!
Зерттеу тобының жетекшісі – жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, PhD Әлібек Ескермесұлы.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 25.09.2023 жылғы №487 «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені және тізбені бекіту туралы» бұйрығының 38, 39, 40-тармақтарының негізінде Ұлттық ғылыми кеңес «Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы бойынша қаржыландыру жобасын мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Әрине, жеңіске жеткен гранттық жоба ғалымдардың бірегей ғылыми жетістігі болып табылады және олар отандық ғылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ғалымды жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз және оған табысты ғылыми жаңалықтар тілейміз!