"Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері" вебинары

"Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері" вебинары

​Қазақ мектептерінің қара шаңырағы Ыбырай мектебінің ашылғанына биылғы жылы 8-қаңтар күні 160 жыл толды. Осыған орай Жанкелдин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі «160 жылдыққа 160 игілікті іс» жобасын қолға алып, түрлі байқаулар, біріккен телекөпірлер, шығармашылық сайыстар, танымдық кештер, мектеп түлектерімен кездесулер, челлендждер т.б. жоспарланған.

Аталмыш жоспардың аясында 26-қаңтар күні осы мектептің түлегі және алғашқы еңбек жолын осы мектепте бастаған, институтымыздың Қазақ тілі мен әдебиеті ББ-ның аға оқытушысы, магистр Ардақ Амирхановна Абдуллина арнайы іссапармен Жанкелдин ауданында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп және Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін орыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, яғни АрқПИ түлектері арасында «Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері» деген тақырыпта вебинар өткізіп келді.
​Вебинарда қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, болашақта өмірден өз орнын таба алатын, ойы озық, нағыз ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу – бүгінгі білім беру ісінің басты мәселесе болса, сондықтан да оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отырғаны, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор екені жан-жақты талқыланды. Мектеп мұғалімдері өзара тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ