
«Жұмыспен қамту: перспективалар мен мүмкіндіктер» атты кездесу өтті
«Серпін - 2050» бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік жобасы, оның мақсаты – еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне, шығысына және батысына жастардың көшуін ынталандыру арқылы аймақтық дамуды теңгерімді ету.
Қазіргі таңда педагогикалық білім бағдарламалары бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 1-4 курстарда Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келген 52 студент білім алуда.
Бүгін институтымызда «Серпін - 2050» бағдарламасы аясында оқып жатқан студенттермен «Жұмыспен қамту: перспективалар мен мүмкіндіктер» атты кездесу өтті.
Кездесу барысында бағдарлама түлектеріне жұмыс және жұмысқа орналасу шарттары туралы, олар осы бағдарлама бойынша жұмыс істей алатын өңірлер туралы, олар үшін, әсіресе ауылда қажетті жағдайлар жасау туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
Айта кету керек, мұндай кездесу институттың өз түлектерін қолдау, сондай-ақ Серпіндіктер үшін проблемалық мәселелерді талқылау мүмкіндігі.
Кездесуге басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Ж.А.Жусупова, тіркеу кеңсесінің басшысы Л.С Шайменова, академиялық бағдарламар және әдістемелік жұмыс офисі басшысы С.Б. Жумабаева қатысып студенттердің сұрақтарына жауап берді.