
Төлегенов оқулары – 2025
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде 2025 жылдың сәуір айының 16 күні «Жаңа формациядағы педагог: Әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесіндегі заманауи трендтерді зерттеу негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, сондай-ақ тиімді әдістер мен құралдарды ұсыну арқылы олардың кәсіби дамуына ықпал ету және тәжірибе алмасу.
Конференция жұмысы жаратылыстану бағыты; әлеуметтік-гуманитарлық бағыт секциялары бойынша жүргізілді. Конференция форматы гибридті форматта (online және offline) өткізілді.
«Жаңа формациядағы педагог: Әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту» конференциясы ғылыми зерттеулердің жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісуге, жетекші ғалымдармен тікелей қарым-қатынаста ақпарат алуға, ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми құзыреттілігі мен біліктілік деңгейін арттыруға, қазіргі заманғы ғылымның, инновациялар мен білімнің серпінді дамуына ықпал ететін ұсынымдарды тұжырымдауға, алынған ақпаратты мамандарды кәсіби даярлауда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.