МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН МІНДЕТТІ ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН МІНДЕТТІ ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2025 жылдың 14 мамырында сағат 15:00-де «Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық университеті» КеАҚ бітіруші курс білім алушыларымен мемлекеттік білім беру грантын міндетті еңбекпен өтеу мәселелері бойынша онлайн түсіндірме кездесу өткізілді. Спикер - «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаментінің жетекші маманы Серікқалиқызы Ақзира. Кездесу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандарды жұмысқа бөлуге және орналастыруға, сондай-ақ грантты міндетті еңбекпен өтеуге қатысты мәселелерді түсіндіруге бағытталды.

Кездесу барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына, бекітілген ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату қағидаларына сәйкес түсіндірме ақпарат жас мамандарға айтылды.

Сонымен қатар АҚ «Қаржы орталығы» жетекші маманы Серікқали Ақзира Сейтқасымқызы еңбек өтемін қай мекемелерде атқаруға болатыны, қай санаттағы түлектер заңға сәйкес еңбек өтемінен босатылатыны, еңбек өтемін жасамаған жағдайда қандай салдары болатыны туралы сауалдарға жауап берді. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (Серпін) бағдарламасы шеңберінде оқыту квотасы бойынша бітіретін түлектер жұмыс өтеу мерзімі 2 жыл, жұмыспен өтеу үшін бекітілген 8 өңірлері (Ақмола, Қарағанды, Абай, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан) екенін ескертті.
Онлайн түсіндірме кездесуге 150 түлек қатысты және EGOV порталына PUSH-хабарламалар жолданып АҚ «Қаржы орталығы» қызмет көрсету үшін жеке деректерге қол жеткізуге сұранысқа келісім беруді 98 түлек жүзеге асырды. Ақпараттық-түсіндіру кездесу барысында түлектер толық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ