Жорықнама

КІРІСПЕ

Құрметті Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті!

Жорықнама – бұл ақпараттық бастау. Мұнда сіздер міндеттеріңіз бен құқықтарыңыз жайлы, АрқПИ студенттерінің институтта сабақ уақытында ғана емес, сонымен қатар сабақ уақытынан тыс уақытта тәртіп ережесі жайлы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Жорықнамада институттың жастар ұйымы, спорттық ұйымдар жайлы ақпараттар көрсетілген. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының оқу үрдісінде кездесетін және әлеуметтік сұрақтарға да жауап таба аласыздар.
Жорықнамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, кредиттік технологиямен оқыту Ережесіне және халықаралық білім стандартына сәйкес, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-ның кредиттік оқыту технологиясы және білімді бағалау жайлы ақпарат берілген.
Бірінші курс студенттері институт және өзінің факультеті жайлы алғашқы ақпаратты, 1 қыркүйекте «Білім күні» ала алады.
Сіздерге алдағы уақытта осы ақпараттарды, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-дің анықтамалық-нұсқаулығынан көре аласыздар.
Сіздер өтініштердің үлгілерін (жатаханадан орын алу үшін, оқу ақысының төлем уақытын ұзарту үшін және т.б.) факультет деканаттарынан ала аласыздар. Барлық туындаған мәселелерді топ жетекшісі, топ кураторы, сіздің факультетіңіздің академиялық топ эдвайзері арқылы шешулеріңіз керек.
Сізге олар көмектесе алмаған жағдайда, өзіңіздің өтінішіңізбен факультет деканына бара аласыз. Факультет деканы сіздің сұрағыңызды шешуге өз көмегін көрсетеді.


ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Торғай аймағындағы педагог мамандарды даярлайтын, 50 жылдық тарихы бар жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.
1972 жылы сәуірде КазССР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының Жарлығымен жоғары кәсіби білімі бар педагогикалық мамандарды дайындау үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты құрылды.
Институттың оқу-әдістемелік бөлігінің құрамына 3 факультет (Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, Педагогика және филология факультеті, Тарих және өнер факультеті), Академиялық бағдарламар және әдістемелік жұмыс офисі, Офис-Регистратор, оқу зертханалары, Ы.Алтынсарин атындағы мұражай, Жаратылыстану мұражайы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығы, Кәсіподақ комитеті және т.б кіреді.

Институт 29 мамандық бойынша бакалаврларды дайындайды:
1. 6В01101 – Педагогика және психология
2. 6B01103 – Психология (ІР)
3. 6В01102 – Қосымша білім берудегі педагогы және тәлімгер
4. 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5. 6B01202 – Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог
6. 6B01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
7. 6В01401 – Музыкалық білім
8. 6B01403 – Дене шынықтыру және спорт
9. 6В01405 – Көркем еңбек, графика және жобалау
10. 6B01501 – Математика
11. 6B01502 – Физика
12. 6B01503 – Информатика
13. 6B01504 – Химия
14. 6B01505 – Биология
15. 6B01506 – География
16. 6B01507 – Математика және физика
17. 6B01508 – Математика және информатика
18. 6B01509 – Физика және информатика
19. 6B01510 – Химия және биология
20. 6B01511 – География және тарих
21. 6B01512 – Биология және география
22. 6B01513 – Информатика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және робототехника
23. 6B01601 – Тарих
24. 6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
25. 6B01702 – Орыс тілі мен әдебиеті
26. 6B01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі
27. 6B01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
28. 6B01705 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
29. 6B01706 – Ағылшын тілі

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі ақпарат бойынша студенттер саны – 2379 студент бар.
Білікті профессор-оқытушылар құрамында 137 оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 12 –PhD докторы, 30 кандидат, 76 магистр бар.
Институтты экономика ғылымдарының докторы Ержан Әмірбекұлы басқарады.
Институтта 2 оқу ғимараты, 5 арнайы спорттық - сауықтыру кешені, компьютер кабинеттері, мультимедиялық орталықтар, интерактивті дәріс аудиториялары, асхана, медпункт, 468 орынды 2 Студенттер Үйі бар.
ЖОО-да ақпараттық-кітапханалық кешен, Ы.Алтынсарин атындағы тарихи мұражай, Жаратылыстану мұражайы жұмыс жасайды.
Институтта тәлімдік жұмыс біртұтас және жан-жақты кешенді түрдегі қызметін ұсынады. Институттың тәрбиелік қызметті басқару және ұйымдастыру жүйесіндегі құрылымдық бөлімшесі болып, «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы бар. АрқПИ студенттерінің өзін-өзі басқару жалпы біртұтас механизмнен құралған. Студенттердің институтты басқаруға қатысуға және ұйымдастыруға өз қызметтерін студенттердің өзін-өзі басқарудың құрылымдық бөлімшелерімен: «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық филиалы, «Жастар Рухы» жастар қанаты, «Линия успеха» педагогикалық отряды, Студенттер Үйінің студенттер Кеңесі, Шығармашылық бірлестіктер және спорттық секциялармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырады.
Институт студенттері көптеген облыстық, республикалық және халықаралық турнирлердің, Еуропа, Азия, әлем чемпионаттарының, әртүрлі спорт түрлерінің, универсиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздары.

Ақпараттық-кешендік кітапхана 

Ақпараттық-кешендік кітапхана (1-қабат сол жақ қанат) Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық институтындағы қажетті, жедел дамыған ақпаратты білім және әлеуметтік-мәдени бөлімдерінің бірі.
Ақпараттық-кешендік кітапхана жоғары кәсіптік мамандар дайындауда және оқытушылар мен студенттердің ғылыми ізденісін дамытуда үлкен рөл атқарады. Заманауи тұрғыдан алғанда ақпаратты-кітапханалық кешен өз жұмысын төмендегідей игі шаралармен жалғастырмақ;
Институтта жүргізілетін ғылыми-оқу үрдісін кітапханалық жағынан қамтамасыз ету және ақпараттандыру;
Институт ғалымдарының еңбектерін жинақтау, сақтау, қалыптастыру;
Жастардың мәдениетті қарым-қатынасы;
Қазақстан және шетел кітапханаларының кәсіби одағымен тұрақты қарым-қатынас жасау;
ЖОО кітапханасы – жедел дамып келе жатқандықтан, өзінің қызмет ету аясын күннен күнге кеңейтуде. Қазіргі таңда кітапхана кешені өз қызметін ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолданып, қор құжаттарын заманауи тұтынымдармен қалыптастыруы арқылы биіктерге қол созуда.
АрқПИ-дің ақпараттық-кешендік кітапханасы мектептермен тығыз байланыс орнатып, аймақтың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру саласында кітапханалармен және қоғамдық ұйымдармен етене жұмыс жүргізуде.
Мектеп мұғалімдеріне педагогикалық ЖОО-ның кітапханалық қызметі мен ақпараттық ресурстарға еркін қол созуға мүмкіндік берілген.
Ақпараттық-кешендік кітапхана ұжымы Қазақстанның және Қостанай облысының кітапханалары және қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды көздейді. АрқПИ-дің ақпаратты- кітапхана кешенінің кітапханашылары Қазақстан мен Ресейдің ғылыми конференцияларына қатысып, кәсіби басылымдарға мақалаларын үнемі жариялап отырады.

Кітапхана құрылымы

Ақпараттық-кешендік кітапхана әр түрлі қызмет атқаратын бөлімдернен тұрады:
- кітапхана қорын қалыптастыру бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі:
- оқу және ғылыми, көркем әдебиет абонементі;
- мерзімдік басылым залы;
-психология-педагогика пәндерінің әдістемелік орталығы; каталогтар залы;
- кітап сақтау секторы;
- оқу-әдістемелік әдебиеттер залы;
- электронды ресурс орталығы, медиаорталық, видеозал;
- кітапхана технологиясын автоматтандыру бөлімі;
- электронды кітапхана;
- ғылыми-әдістемелік жұмыс секторы.


КӨПҚЫЗМЕТТІ БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНІ

Жоғары оқу орнының бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру және АрқПИ-дың ақпараттық қорын мазмұнды түрде толықтырып отыру-жоғары оқу орнының алға қойған негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты - оқу процесінде техникалық көмек беру және оны өткізу болып табылады.


Кредиттік оқыту технологиясы туралы

АрқПИ-дың алға қойған мақсаттарының бірі - ол алдыңғы қатарлы әдістер және технологиялардың көмегімен, студенттердің білімін және шеберліктерін шыңдау, оны биік кәсіби мәртебеге және бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу. Білім берудің қазіргі жүйесі мамандарды келешекке жаңашыл және адекватты дайындауға бағытталған, яғни жай ғана білім деңгейін көтеру ғана емес, қоршаған ортаның тез ауыспалы экономикалық, техникалық, әлеуметтік және ақпараттық жаңа бейнесі мен ойына ықшамдалған жаңа парасатты тұлға құруға бағытталған. Осы мақсаттың жетістігі ретінде кредиттік технологияда оқытуды енгізу болып табылады, сол себепті АрқПИ басшылығыда баса назар аударды. Кредиттік оқыту технологиясы – бұл өз білім деңгейін көтеруге және білімді шығармашылық тұрғыда айрықша игеру, білім траекториясын таңдау және білім көлемін кредиттер түрінде есептейтін жүйе.
Қазақстандық институттардың кредиттік оқыту технологиясына көшулері:
• әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі;
• білім траекториясын құруға, білім алушыларды қатысуға тарту;
• білім алушылардың академиялық ұтқырлығы;
• жұмыс берушіге мамандарды даярлауға бейімдеу;
• білім үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу.
Кредиттік оқыту технологиясы институттағы білімді демократияландыру негізінде құрылған;
• таңдау курстарының үйлесуі;
• студенттердің жеке білім траекториясын құрастыру;
• студенттердің сындық ойын дамыту;
• интерактивті әдіспен оқытуды кең қолдану.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-да студенттер мен оқытушыларға белгілі академиялық кезеңде оқытуды жүргізуге, тәжірибе алмасуға, білімін ұштауға, басқа жоғары оқу орнында (ел ішінде және шет елдерде) ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге барлық жағдайлар жасалынады.

Офис-Регистратор

Офис-Регистратор бөлімі – студенттерге қызмет көрсетеді, студенттердің барлық оқу жетістіктерін тіркеумен айналысады, таңдау пәндерін тіркеу, барлық бақылау түрлерінің емтихан-рейтингтік ведомостарын құрастыру, өңдеу, сақтаумен айналысады. Офис-Регистратор бөлімі студенттің барлық білімін бақылау түрін ұйымдастыруымен оның академиялық рейтингісін есептеуін қамтамасыз етеді.
Офис-Регистратор бөлімінің негізгі міндеттері:
- элективті пәндерге тіркелу процесін басқару;
- студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру;
- білім алушының академиялық рейтингісін есептеу;
- студенттердің үлгерімі туралы тіркеуді құрастыру және сақтау;
- студенттердің үлгерімі туралы есепттерді дайындау;
- үлгермейтін студенттер жайлы тізім жасау;
- студенттерді жазғы семестрге тіркеу және оны ұйымдастыру;
- сабақ кестесін құрастыру.


Элективті пәндерге тіркелу

Кредиттік технология Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қарастырған міндетті пәндерді, сонымен қатар таңдау пәндерін (ережеге сай, әр семестр ішінде бірнеше таңдау пәнін) меңгеруді ұйғарады.
1. Пәнді таңдау Офис-Регистратор бөлімі келісімімен және ресми тіркелу жолымен жүргізіледі.
2. Таңдау пәнін анықтау эдвайзердің жетекшілігімен жүргізіледі (ағылш. «тәлімгер»). Эдвайзер презентация әдісімен элективті пәндер каталогындағы әр пәннің альтернативасын түсіндіреді, меңгеретін пәнді анықтауға кеңес береді.
3. Тіркелу уақыты мен мерзімі академиялық күнтізбемен анықталады.
4. Пәнді таңдаған соң, сіз ұнаған элективті пәнді тіркеу формасына толтырасыз, соның негізінде офис тіркеушісі сіздің жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) құрады. ЖОЖ үш данадан толтырылады, біреуін сіз өзіңізде қалдырасыз, ал қалғандарын қатесін тексеріп, қол қойып тіркеу бөлімі мен деканатқа тапсырасыз.
5. Жеке оқу жоспары әр оқу жылы сайын толтырылады.
6. ЖОЖ негізінде ОР академиялық топтар мен лектерді құрайды.


Студенттердің тәлімгерлері - куратор мен эдвайзер

Куратор оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді, институт әкімшілігімен, қоғамдық ұйымдармен, институттың оқытушылары мен топ студенттерімен тікелей қарым-қатынаста болады.
Куратордың қызметі студенттердің азаматтық жауапкершілікті, патриотизмдікті сезінуді тәрбиелеуге, олардың жан-жақты мәдени дамуына, топта достыққа және бір-біріне көмектесуге, оқуға адал көңіл бөлуге, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмыстарға тартуға міндеттеледі.
Куратор келесі қызметтерді атқарады:
- топтың жиналысын, негізгі қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырады және өзі қатысады;
- студенттердің үлгерімі мен тәртібін бақылайды, қажет уақытында көмек көрсетеді;
- топта сабақ беретін оқытушылармен байланыста болады;
- топ басшысын таңдайды және тағайындайды;
Жеке білім траекториясын таңдау мен жүзеге асыруда, сонымен қатар кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқу жоспарының ұтымды, әрі түсінікті болуы үшін, жоғары оқу орындарында кеңес беру қызметі ұйымдастырады, болмаса академиялық кеңесшілер яғни, эдвайзерлер қызмет көрсетеді.
Эдвайзер – сәйкес мамандықтар бойынша жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) құру кезінде оқу траекториясын таңдауда, жетекші қызметін атқаратын кафедраның оқытушысы. Сонымен қатар, эдвайзерлер болашақ мамандарға көмек көрсетеді, бітірушінің ғылыми жұмыс тақырыбын таңдауына, кәсіптік тәжірибенің негізгі базасын анықтауға кеңес бере алады. Эдвайзерлер білім алушылардың академиялық қызығушылықтарын оятады, жеке оқу жоспарын құруға және түзетуге көмектеседі.
Эдвайзерлердің қызметтері:
• білім алушылардың жеке оқу траекториясын анықтауда және білім бағдарламасын меңгеруде көмек көрсету;
• тиісті мамандықтар бойынша білім траекториясын таңдауда, білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және бейімділігін анықтау;
• пән таңдауда білім алушыларға көмек көрсету;
• қажет болған жағдайда, білім алушының жеке оқу жоспарын құруға көмектесу;
• студенттің академиялық дәрежесі мен үлгерімі туралы сұрақтарды қарайтын эксперттік комиссия жұмысына қатысады.
Эдвайзер білім алушыларды институттың академиялық өмірінің ерекшеліктерімен таныстырады, жұмыс оқу жоспарының мазмұнымен, дипломды алу талаптарымен және білім алушының мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен мақсаттарына сәйкес оқу траекториясын жекелей таңдауда көмек көрсетеді.


Білімді бағалау және бақылау

Студенттердің білімін бағалау және бақылау кешеніне - ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау мен қорытынды аттестация өткізулер кіреді.
Білім сапасы балды-рейтингтік жүйемен бағаланады, оқудың барлық сатысы үзіліссіз бақылаулардан тұрады: ағымдық, аралық бақылау, үй тапсырмалары. Пәнді меңгеруде студенттердің білімін бақылайтын түрлі ағымдық бақылаулар қарастырылған: студенттің сабаққа қатысуы, практикалық не зертханалық сабақтарды (ауызша сұрау, жазбаша сұрау, аралас сұрау), орындау және қорғау, үй тапсырмасын ұсыну (дискуссия түрінде, тренингтер, тестілер түрінде).
Әр бақылау түрі студентке балл жинайды, ол қорытынды бақылауды тапсыруға кіру рейтингісін анықтайды. Оқу курсын аяқтаған соң, емтихан түрінде қорытынды бақылау жүргізіледі. Студенттің түрлі деңгейден алған бақылау балдары оқу материалын меңгеру сатысына қарай «А»-дан «F»-ке дейінгі шкаламен бағаланады. Оқу курсының үлгерім қорытындысы бойынша GPA орташа көшу балы есептелінеді, ол студенттің әр оқу жылында көбейіп отырады, және ол арнайы пәндер бойынша білім сапасын көтеру мақсатында қызмет атқарады.
Ағымдық бақылау үлгерімде (сабаққа қатысу, практикалық (зертханалық) сабақтарды орындау, СӨЖ тапсырмаларын орындау, үй тапсырмаларын орындау, студенттің оқу жетістіктері әр тапсырманы орындағаны үшін 100 балдық шкаламен бағаланады және үлгерімнің аралық бақылау (аралық бақылау 1-7 және 8-15 аптада жүргізіледі) қорытындысы академиялық кезеңде алған барлық бағаның орташа арифметикалық қосындысын есептеу арқылы шығарылады.
Білім алушының аралық және қорытынды аттестация кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау жоғарыдағыдай бағаланады.
Оқу пәндері бойынша аралық аттестация жүргізуде емтиханда алған баға және академиялық кезеңдегі ағымдық бақылау үлгерімінің орташа балы есептелінеді.
Үлгерімнің аралық бақылауын бағалау (рейтингке жіберу) қорытынды білім бағалаудың 60%-ын құрады, және емтиханды бағалау пән бойынша қорытынды білім бағалаудың 40%-ын құрайды.
Пән бойынша қорытынды бақылауға рейтингке жіберу бағасы және қорытынды бақылау кіреді:
ҚБ = Ржб*0,6+ Е*0,4 ;
ҚБ – қорытынды бағалау,
Ржб – рейтингке жіберу бағасы,
Е – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан).

Білімді бағалау критерийлері

«А», «А-» («өте жақсы») – деген баға, егер сіз барлық бағдарлама материалдарын терең және өте жақсы меңгерген болсаңыз, сауатты және ойыңызды нақты айта алсаңыз, тапсырма өзгерген уақытта жауап беруде қиындық тудырмаса, қойылған тапсырмаларды оңай шеше алсаңыз, қабылдаған шешімді дұрыс дәлелдесеңіз, практикалық жұмыстарды орындауда жан-жақты дағдылар мен қабылдауларды меңгерсеңіз, материалды өздігіңізден қатесіз мазмұндап түсіндіре алатын болсаңыз қойылады;
«В+», «В», «В-» («жақсы») – деген баға, егер сіз нақты бағдарлама материалын сауатты және нақты түсіндіре алсаңыз, сұраққа жауап бергенде қате жібермеген жағдайда, теориялық ережелерді дұрыс қолдана алсаңыз және практикалық тапсырамаларды орындауда қажетті дағдылық пен бейімділікті меңгерсеңіз қойылады;
«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер сіз тек негізгі материалды біліп, бірақ жеке детальдерді білмесеңіз, дәл, нақты жауап бере алмасаңыз, дұрыс құрастыра алмасаңыз, практикалық сабақты орындауда қиналсаңыз және бағдарлама материалдарын жүйелі түрде айта алмасаңыз қойылады;
«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер бағдарлама материалдардың мағынасын білмесеңіз, көп қателіктер жіберсеңіз, практикалық жұмыстарды мүлдем орындамаған жағдайда қойылады.


Білім бағалаудың әріптік, балды-рейтингтік жүйесі

Әріп жүйесі бойынша

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,00

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

FX

0

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Егер студент нақты дәлелмен емтиханға келмеген жағдайда, деканатқа 3 күннің ішінде тиісті құжатты көрсеткен уақытта, студент факультет деканының рұқсатымен емтиханды жеке тапсыруға құқығы бар.
Есте сақтаңыз! Егер студент қорытынды бақылауда (емтиханда) «FХ» белгісіне сәйкесті «қанағаттанарлықсыз» баға алса, білім алушыға тиісті академиялық күнтізбе бойынша аралық аттестация кезеңінде қорытынды бақылауды оқу пәні бағдарламасын/модульды қайта оқымай-ақ бір рет қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Қайта тапсыруға рұқсатты екі күн ішінде факультет деканы өкімінің негізінде офис регистратор береді. F бағасына сәйкес «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне /модуліне ақылы негізде қайта оқуға түседі, келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде барлық оқыту түрлеріне қатысады, барлық түрлерін орындайды бағдарлама бойынша тәрбие жұмысы және қорытынды бақылауды қайта тапсырады. Бұл жағдайда пәнді қайта оқыған студент үздік диплом алу құқығынан айырылады.
Студент емтихан нәтижелеріне шағымдануға құқылы. Апелляциялық шағым нәтижесінде бағаның өсуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Студенттердің білімін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштер тіркеу бөлімімен емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін бір күн ішінде қабылданады.қорытынды баға автоматты түрде (қанағаттанарлықсыз) «F» болып есептеледі. Бұл жағдайда студент қарызгер болып есептелінеді және ақылы түрде жазғы семестрге қалдырылады.
Емтихан бағасын жақсы бағаға қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
Қалаған пәнін қайта меңгеру үшін (оның ішінде жақсы бағаға көтеру мақсатында) ақылы түрде жазғы (қосымша) семестрге жазылу керек, дәрісті тыңдап, қайта рейтинг балын жинап және емтихан тапсыруы қажет. Пәнді қайта меңгерген уақытта, студент ең үздік (қызыл) дипломды алу құқығынан айырылады.
Студент емтихан қорытындысын аппелияцияға беруге құқылы.
Аппелияция қорытындысымен баға көтерілуі де, сондай-ақ сол қалпында қалдырылуы да мүмкін.
Студенттің білімін бақылау қорытындысының шешімі бойынша студенттің өтініші тіркеу бөлімімен емтихан қорытындысы хабрланған күннен кейін бір күннің ішінде қабылданады.

GPA-ны қалай есептейді?

Кредиттік оқыту технологиясында студенттің үлгерімінің көрсеткіші ретінде GPA пайдаланылады.
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - бұл таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы) мына формула бойынша анықталады:
GPA = ,
Кц 1, Кц 2,…К цп – пән бойынша сандық эквиваленттің қорытынды бағасы;
Н1, Н2, Нn – несие бойынша оқылған пәндердің көлемі;
n- жыл бойы оқылған пәндер саны.

Есте сақтаңыз! Сессияны тек оң бағаға тапсыру ғана жеткілікті емес! Белгіленген көшу GPA балын жинау қажет.
Жыл сайын көшу балының деңгейі инстиуттың оқу Кеңесі шешімімен қарастырлуы мүмкін.

Жазғы қосымша семестр

Қысқы және көктемгі аралық аттестацияның қорытындысы бойынша үлгерімі жақсы студенттер келесі курсқа көшіріледі. Оларға белгіленген өлшемде GPA балын жинаған және академиялық қарыздары жоқ студенттер жатады.
Академиялық қарыз дегеніміз - ол пән бойынша студенттің қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз баға алған, немесе емтиханға келмегені болып табылады.
Академиялық қарыздары бар студенттер үшін ақылы түрде жазғы семестр ұйымдастырылады.
Курсты қайта оқу ақысы Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ бекіткен белгіленген өлшемде қарастыралады.
Жазғы семестрді ұйымдастыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
- жазғы аралық аттестация басталуына дейін студенттер жазғы семестрде оқуға үміт білдіретіндігі жөнінде деканатқа өтініш білдіреді;
- кредит санына қарай, жазғы семестрде оқитын студент оқитын пәннің құнын төлейді;
- деканаттар белгіленген уақытта ұсыныс береді, соның негізінде жазғы семестрдің сабақ кестесі құрылады;
Жазғы семестрдегі емтихан қорытындысы бойынша студенттің GPA балы есептелінеді, көшу балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі; барлық қарызын тапсырған, бірақ GPA көшу балын жинамаған студент қайта оқу жылына (ақылы түрде!) қалдырылады және барлық пәндер қайта меңгеріледі.
Жазғы семестрді болдырмау үшін студент міндетті түрде аралық аттестация қорытындысы бойынша академиялық қарызды болдырмау керек және пәндерден қажетті GPA жинау үшін, көбіне жоғары балдар алуға тырысу қажет.

Қайта оқу жылы

Қайта оқу жылы – GPA көшу балын жинай алмаған, үлгерімі нашар студенттерге арналған.
Қайта оқу жылының ақысы толық жаңа оқу жылына белгіленген сомма көлемінде жүргізіледі.
Қайта оқу жылына қалмау үшін, студент барлық пән бойынша семестрдің емтихандарын уақытында тапсыруы қажет, не болмаса қарыздарын жазғы семестрде жойып, сіздің курсқа қажетті GPA көшу балын жинау қажет.
Кредиттік технологияның іске асуы, элективті пәндерге тіркелу, білімді бағалау, GPA-ны есептеу жазғы семестрде оқу және қайта оқу курсында оқу туралы сұрақтарды өзіңіздің деканатыңыздан немесе 3 қабатта орналасқан тіркеу жіне тестілеу бөлімінен біле аласыздар.

Мемлекеттік емтихандар

Қорытынды аттестация мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген уақытта жүргізіледі. Ұзақтығы 4 аптаға созылады.
Барлық оқу кезеңіндегі емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» деген бағамен тапсырған, қорытындыснда үлгерімнің орташа 3,5 GPA балын жинаған, сонымен қатар дипломдық жұмысын және мемлекеттік емтиханды «А» не «А-» деген бағаға тапсырған, тек емтиханды қайта тапсырмаған АрқМПИ түлегіне ең үздік диплом беріледі.

Оқудан шығару

Егер студент әрі қарай оқығысы келмеген жағдайда өз еркімен оқудан шығуға, медициналық көрсеткіш бойынша немесе басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты оқудын шығуға құқылы.
Жоғары оқу орнының Жарлығында көрсетілген міндеттерді, ішкі тәртіп Ережесін, оқу тәртібін, оқу ақысын төлеу келісім-шартын бұзғаны үшін институт әкімшілігі сізді оқудан шығаруға құқығы бар.
Оқудан шығару және қайта қабылдау туралы сұрақтар бойынша деканатқа не болмаса тіркеу және тестілеу бөліміне хабарласыңыз.

СТУДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Студент ішкі тәртіп Ережелерін, Арқалық педагогика институтының Жарғысын, өзінің міндеттерін қатаң сақтауға міндетті.
2. Институт студенттері аудиторлық сабақтардың кестесіне сәйкес жеке оқу жоспарында қарастырылған барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Кейбір жағдайларда ЖОО-ң әкімшілігімен келсіле отыра, студентке жеке кесте бойынша сабаққа қатысуға рұқсат беріледі.
3. Оқуды жалғастыруға ниеті жоқ студент, оқудан өз еркімен шығуға құқылы.
4. Институт әкімшілігі ЖОО-ң Жарғысындағы, ішкі тәртіп Ережесіндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін студентке тәртіптік жаза шығарылуы институт ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
5. Ақылы негізде оқитын студент, конкурстық негізде барлық оқу жоспарындағы пәндер бойынша тек «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалары болған жағдайда, білім грантына бос орнына ауысуға құқығы бар.
6. Студент ЖОО-ң қызметі жөніндегі сұрақтарды талқылау мен шешімдер қабылдау жұмыстарына ЖОО-ң қауымдық мекемелері мен басқару органдары арқылы қатысуға құқылы.
7. Студент ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, конкурстарға қатысуға, ЖОО-ң басылымдарында өзінің ғылыми жұмыстарын басылымға беруге, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалануға құқығы бар.
8. Студент білім саласындағы ҚР Білім және Ғылым Министрлігі белгілеген тәртіп бойынша академиялық демалыс алуға құқығы бар.
9. Студенттің ұсыныстары мен өтініштері алдымен факультет деканатында қаралады. Факультет декандары факультетте белгіленген күндері, сабақ аяқталған соң, студенттерді академиялық және жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Егер қаралатын сұрақтар деканның құзырынан шектеліп кетсе, бұл жағдайда сұрақтар ЖОО-ң проректорымен шешіледі.

ИНСТИТУТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЭТИКАСЫ

Әрбір кәсіптік, оқу қызметін біріктіретін ұжымда өзін-өзі ұстау тәртібінен тұратын, адамның моральдік бейнесін, оның дамуының деңгейі мен әлеуметтік мәдениетін сипаттайтын ережелер бар. ЖОО-да студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары мен профессор-оқытушылар құрамының кәсіптік қызметінен туындалған академизм рухы қалыптасқан.
1. Оқу ғимаратында жүрген кезде студенттер өзара сыпайы қарым-қатынаста, сонымен қатар оқытушыларға, оқу орнының қызмет көрсету қызметкерлеріне деген, оқу орны ғимаратында бейтаныс адамдар көмек сұраған жағдайда сыйластықты ұстай білуі керек.
2. Күзгі-қысқы мезгілдерінде ғимаратқа кірген жағдайда бас киімдері мен сыртқы киімдерін шешіп, киім ілгішке тапсыруы керек. Сабақ үстінде сыртқы киіммен отыруға рұқсат етілмейді.
3. Академиялық сабақтардың барлығына қатысуы міндетті және қатыспаған жағдайда түсініктеме қағаздары мен растау құжаттарын тапсыруы қажет.
4. Сабаққа кешігіп келген немесе қатыспаған жағдайлар, академиялық ережелердің бұзылуы болып саналады және оқу пәндері бойынша кредит алу шарттарына кедергі жасайды.
5. Сабақ арасындағы үзілісте дәліз бен баспалдақ алаңдарында тұрмай, рекреация мен холдардан өту т.б.
6. Сабақ өту барысында оқу ғимараттарында, сабаққа дайындық жүріп жатқан кітапхананың оқу залдарында тыныштық сақтау керек.
7. Топта белгіленген кесте бойынша аудиторияны сабақтың басталуына дайындау қажет.
8. Студенттер этикалық нормаға сәйкес, жасы үлкен адамдармен тұрып сөйлесіп, аудиторияға кірген оқытушымен орындарынан тұрып амандасуы керек.
9. Педагогикалық ЖОО-ң студенті қоғамдық орындарда, транспорта жасы үлкен кісілерге, мүгедектерге жол беріп, айналысындағы адамдарға үлгі көрсетеді, бұзақылық жасамай, адамдарға дөрекілік көрсетпей, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына белсене қатысуы керек.
10. ЖОО-ң студенті сөйлеу барысында дөрекі, ұрыс сөздерінен қашық болуы керек, әсіресе өзінің болашақ кәсіптік қалыптасуына маңызы бар сөйлеу мәдениетін арттыруы қажет.
11. Педагогикалық ЖОО-ң студенті жұртшылыққа жоғарғы мәдениеттің үлгісі есебінде көрінеді, себебі, олар адамдар көзқарасында болашақ ұстаз, тәрбиеші ретінде қабылданады.

Тілек

Құрметті студент! Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-да алған білімдерің саған болашақ жұмысыңа және мансабыңа көмегін тигізеді. Сонымен қатар, сен де өз оқу орныныңның имиджін жоғары көтеріп ұста! Уақытыңды босқа кетірме және ең мықты, білікті маман болу үшін, білімді меңгер.
Жоғары дәрежелі маман болу үшін, сен белсенді түрде институттың ғылыми және қоғамдық өміріне аралас. Бұл өте қиын, бірақ қызықты жол болады!

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502