Офис - Регистратор

Lyazzat_S
Шайменова Ляззат Серікқызы
Офис-Регистратор бастығы
Тел .: 8 (71430) 7-24-88, ішкі тел: 112
АрқПИ-дің бас ғимаратында, 3 қабатта орналасқан

Қысқаша ақпарат:
Офис-регистратор - академиялық ережелер мен процедуралардың сақталуын бақылайды, білімді бақылауды ұйымдастыруды, оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеуді және барлық білім беру формаларында студенттердің академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз етеді.
Офис-регистратор-өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, ректордың, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың, Департамент директорының бұйрықтарын басшылыққа алады.

Офис-регистратордың негізгі міндеттері:
•студенттердің сессия көрсеткіші бойынша, аралық бақылау, қорытынды аттестаттау бақылауын талдау;
• әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушыларға және студенттерге нақты академиялық ақпарат беру;
• кредиттік оқыту технологиясына сәйкес оқу құжаттамасын жүргізу
• студенттердің оқу траекториясын өз еркімен таңдауына және оқу үлгерімдерін арттыру мақсатында деканат пен кафедраның тіркеу бөлімімен бірлесіп қызмет жасау;
• студенттердің ағымдағы оқу жылының білім нәтижелерін бақылау, талдау;

Офис-регистратор келесі функцияларды орындайды:
• оқуға қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтар негізінде студенттерді тіркеу;
• студенттерді оқу пәндері бойынша тіркеу және қайта тіркеу процесін ұйымдастыру;
• студенттердің білімін ұйымдастыру және бақылау;
• студенттердің академиялық рейтингін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша анықтау;
• академиялық қарыздар мен оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жою үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
• студенттердің қалауы бойынша деканаттарға, институт басшылығына академиялық ақпарат беру (емтихан және рейтинг парақтары, жиынтық парақтар, есептер) талдау және ағымдағы жұмыс үшін;
• сабақ кестесі;
• емтихан сессиясының кестесі;
• күндізгі, қашықтықтан және сырттай оқу нысандары бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау кестесі;
• студенттердің құжаттарын қабылдау, тіркеу және сақтау;
• оқу бағдарламасындағы айырмашылықты жою мақсатында академиялық демалыстан шыққан, басқа ЖОО-нан немесе бір оқу түрінен екіншісіне ауысқан, ЖОО-на қайта қабылданған студенттермен жұмыс;
• студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру;
•Ресми органдар бекіткен, белгілі бір мерзімі қамтылған институттың бір реттік есебі және статистикалық есеп туралы ақпарат беру;
• студенттер құрамына бұйрықтар дайындау, бөлімдер мен факультеттерді бұйрықтардың көшірмелерімен қамтамасыз ету;
• академиялық анықтама беру;
• студенттер туралы есептер беру, студенттер контингенті туралы мәліметтер базасын жүргізу;
• студенттерге анықтама беруді сұраныс орны бойынша қамтамасыз ету.

Бөлімге қатысты қызметкерлер:
Офис-регистратор басшысы
Күндізгі оқу бөлімінің тіркеушілері
Статист
Студенттер құжаттары жөніндегі маман
Диспетчер

Akmaral_K

Каратаганова Акмарал Бекеновна
Регистратор

Agibaeva_A

Агибаева Алмагуль Уалиевна
Регистратор

Uaissova_A

Уаисова Асем Бектасовна
Регистратор

Shaldybayeva_G

Шалдыбаева Гулнара Нурлановна
Регистратор

Dabylova_G

Дабылова Гульбахыт Сериковна
Диспетчер

Mukhamedyar_Z

Мұхамедияр Зина Исламбекқызы
Статист

Askarbek_S

Асқарбек Сымбат Нұрланқызы
Регистратор

 
Қысқаша тарихи мәліметтер:
Кредиттік оқыту технологиясын институттың оқу үдерісіне енгізу 2003-2004 оқу жылында 050506 - «Экономика» мамандығы бойынша эксперимент ретінде басталды.
2004-2005 оқу жылынан бастап институттың күндізгі бөлімінің 1-курсының барлық 18 мамандығы кредиттік оқыту технологиясына көшті.
2007 жылы алғаш рет экономика бакалаврлары бітірді. (қабылдау 2003 ж.).
2008 жылы күндізгі бөлімінде, барлық мамандықтары бойынша алғашқы бакалаврлар бітіріп шықты.
2008-2009 оқу жылында 21 мамандықтың күндізгі бөлімдерінің 1-4 курс студенттері кредиттік технологияны қолдана отырып оқыды.
2005 жылдың ақпанында, Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ-де Офис-регистратор бөлімі құрылды.
2010 жылдың наурызында Офис-регистратор тіркеу және тестілеу бөлімі болып өзгертілді.
2013 жылдың ақпанында тіркеу және тестілеу бөлімі Офис-регистратор болып өзгертілді.

 
Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502