Халықаралық ынтымақтастық 2015 жыл

Халықаралық академиялық және ғылыми тұтастықты (ұтқырлық) дамыту мақсатында Я.А.Коменск атындағы университетпен ынтымақтастық туралы құрылған келісім шарт аясында 2014-2015 оқу жылының 1 семестр бойы «шет тілі: екі шет тілі» мамандығындағы екі студенттің оқып келуі жүзеге асты.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2011 жылдан бері Еуропалық одақтың қаржыландыру және қолдауындағы Темпус жобасынын 15 қазақстандық серіктестерінің бірі болып саналады. Темпус- әр түрлі(Орталық және Батыс еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс) өңірдегі жоо және ЕО университеттер ынтымақтастығы арқылы жоғары білімді жетілдіру бағытындағы Еуропалық одақ (ЕО) бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі мақсаты-Болондық үрдіс және Лиссабондық келісім шарт қағидаттарымен жоғары оқуда алға басу, Еуропалық ұйымның жоғары білім беру жүйесінде көрсетілген жүйеге жақындауға және үйлестіруге көмектесу.

Темпус –СТУДИК жобасының басты мақсаты- университет қабырғасында маңызды рөл атқарып, белсенді саясаткер болатындай және өзінің ұйымдастыру мүмкіндігін көрсете білетін таңдаулы өкілдерден құралған, Қазақстанда тәуелсіз студенттер одағын құру. Бұл сондай-ақ, студенттердің мәселесін шешу үшін бағыт-бағдар тудырып, студентерге қызмет көрсетуді жақсартып және (факультет кеңесімен/Сенаттын бір бөлігі болып келетін, студенттік өкілдердің көмегімен) университетті басқарудағы беделді механизмдерді орнатуға жағдай жасайды.

2014 жылдың басында ғылыми жұмыстар бөлімінің бастығы С.Ж.Шәкенова және дүниетаным және тәрбие бойынша жұмыстар бөлімінің маманы Ж.Ахмет СТУДИК-Темпус жоба аясында Вена қаласы (Австрия) Агрикультур университетінде және Дрезден қаласының (Германия) Техникалық университетінде өткізілген «Студенческое самоуправление и демократическое участие в Казахстане»-атты халықаралық семинарға қатысты, сондай-ақ Вена мен Каунас қалаларында Стульгинскис университет базасында өткен семинарға 2 студент қатысты. Өткізілген семинар барысында жоба қатысушылары Еуропа жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару жүйесімен таныс болды. Вена қаласы (Австрия) Агрикультур университеті және Дрезден қаласының (Германия) Техникалық университетінің студенттері қазақстандық жоғары оқу орындар үшін жақсы тәжірибе болатындай студенттік өзін-өзі басқару жұмысын сыйға тарты.

Sotrudnik

Sotrudnik 3

Sotrudnik 2

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502