Түлектер Қауымдастығы ережесі

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ түлектер Қауымдастығы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-ның түлектер Қауымдастығы – өзін-өзі басқаруға негізделген институт студенттері мен түлектерінің ортақ қызығушылығын анықтайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында құрылған ерікті қоғамдық бірлестік.
1.2. Қауымдастық осы Ережеге сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ Жарғысына сәйкес құрылды және осы Ережеге сәйкес заңды тұлға болып табылмайды. Қауымдастықтың барлық қызметі АрқПИ арқылы жүзеге асырылады.
1.3. АрқПИ-ның түлектер Қауымдастығының қызметі шектелмеген.


2. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ түлектер Қауымдастығының мақсаты мен міндеттері

2.1. Түлектер Қауымдастығы инститтуттың барлық жылдарындағы студенттер мен түлектер арасындағы беделді және ұжымдық рух, білім беру, ғылыми және мәдени деңгейді дамытуды жоғарылату, түлектер мен оқытушылар арасындағы ақпараттық алмасуды нығайту мақсатында құрылды.

2.2. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ түлектер Қауымдастығының міндеттері

•түлектер Қауымдастығы мүшелерінің кездесуіне жағдайлар жасау;
•инститтуттың үздік дәстүрлерін сақтау және дамытуға жәрдемдесу;
•жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысу, институт түлектерінің жұмысқа бөлінуі мен орналасуына жәрдемдесу;
•АрқПИ түлектерінің ақпараттық мәліметтер базасын жүргізу;
•АрқПИ ынтымақтастығын кәсіби қоғамдар, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдар, коммерциялық және қоғамдық ұйымдарымен тиімді қамтамасыз ету және орнату;
•әр жылғы түлектермен мерейтойлық кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
•Қауымдастық мүшелері жұмыс жасайтын орындарда ғылыми-тәжірибелік және басқа да оқу орнының даму мәселелерін шешуде АрқПИ ғылыми әлеуетін тарту;
•институттың материалдық-техникалық базасының бекуіне жәрдемдесу;

3. Құрылым және басқару

3.1. Қауымдастықтың жалпы басқару қызметін АрқПИ түлектерінің кеңесі атқарады, оның құрамы институт түлектерінің өкілдерінен құралады.
Кеңес құзырлығына келесі міндеттер кіреді:
•«АрқПИ түлектерінің Қауымдастығы» туралы Ережені қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
•басқарушы ұйымдарды таңдау және олардың жұмысы туралы есепті тыңдау; 
•Қауымдастықты қайта құру және тарату;
3.2. Кеңес мүшелері санынан ашық дауыспен,яғни ішінен қарапайым көпшілік дауыспен 3 жылға сайланған төраға кеңес жұмыстарының басшылығын тікелей жүзеге асырады;
3.3. Кеңес мүшелерін сайлау институт түлектерінің жалпы жиналысында көпшіліктің ашық дауыс беруімен жүргізіледі.
3.4. Қауымдастық қызметі АрқПИ тәрбие жұмысының басқармасымен үйлестіріледі.
3.5. Түлектер Қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысы екі жылда бір рет шақырылады.

4. Қауымдастыққа мүшелік және оны ұйымдастыру

4.1. АрқПИ түлектер Қауымдастығын құрушы институт түлектері болып табылады, жалпы жиналыста түлектер Қауымдастығы туралы Ережені қабылдайтын және оны басқарушы органды қалыптастырушы. Қауымдастықты ұйымдастырушылар оның мүшелері болып табылады, соған сәйкес құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
4.2. Қауымдастық мүшелігіне АрқПИ түлектер қауымдастығының ережелерін қабылдайтын, Қауымдастыққа кіруге өтініш білдірген кез-келген жастағы түлектер кіреді.

5. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. Қауымдастық мүшелері құқылы:
•Қауымдастықты басқару жұмысына қатысу, келешекке арналған және ағымдағы жоспарларды әзірлеу, Қауымдастық кеңесін сайлау және сайлануға;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығының жұмысын атқару үшін материалдық, консультациялық және басқа көмек көрсетуге;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығының басқарушы органдарын сайлау және сайлануға;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығының шаралары мен дәрістеріне қатысуға;
•Институт басшылығымен келісе отырып, жариялануға;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығынан өз еркімен шығуға;
•Қауымдастыққа тиесілі барлық іскерлік ақпараттар, АрқПИ түлектері Қауымдастығы іске асыратын басқа да қызмет түрлерін толық көлемде пайдалануға;
•Қауымдастыққа өз құқықтары мен заңмен қорғалатын қызығушылықтарын қорғауға, т.б. қажетті көмек көрсету.

5.2. Қауымдастық мүшелері міндетті:

•АрқПИ түлектері Қауымдастығы ережесінің шарттарын сақтау және орындауға;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығының алдында тұрған мәселелерді шешуде белсенді ат салысуға;
•АрқПИ түлектері Қауымдастығының шешімімен ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға;
•Кеңеске жұмыс орны және қызметі, мекен-жайы, телефон номерлерінің өзгерісі жайында уақытында хабарлауға;
•Түлектің абыройы мен ар-намысын сақтауға;
•Әрбір қатысушының қызметі Ережеде бекітілген мақсат пен міндеттерге қарама-қарсы келсе, АрқПИ түлектері Қауымдастығындағы мүшелігі тоқтатылады.

6. АрқПИ түлектері Қауымдастығы қызметінің тоқтатылуы

6.1. Егер мүшелер ортақ қызметтерінің жалғасуына қызығуышылық білдірмесе, Қауымдастық таратылады;
6.2. Қауымдастықты тарату жөніндегі шешім АрқПИ түлектері Қауымдастығының жалпы жиналысында қабылданады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502