Біліктілікті жоғарлату 2016-2017 оқу жылы

Шетелдік профессордың дәрістері

Педагогикалық білім беруді жаңғырту және кадр әлеуетін арттыру мақсатында 19.10.2016 - 29.10.2016 ж. аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында профессорлық-оқытушылар құрамы мен институттың студенттеріне Трнаве қаласы (Словакия) әулие Кирилл мен Мефодия университетінен келген философия ғылымдарының докторы, профессор Яна Данектің дәрістері өткізілді.

Профессор Ян Данек св.Кирилл мен Мефодия университетінде оқытылатын "Білім беру тарихы", "Білім теориясы", "Полимәдениетті білім беру", "Әлеуметтану", "Педагогикалық коммуникация" пәндерін әзірлеушісі болып табылады.

ПОҚ біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы «жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы шеңберінде Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында институттың профессор-оқытушылар құрамы және 1-4 курс студенттері қатысуымен өткізілді. 

Дәріс пен семинарлардың тақырыбы студенттер мен ПОҚ-ның кәсіби мүдделерін ескере отырып, педагогикалық ғылымның өзекті бағыттарын талқылауға арнайы іріктелген болатын:

• Философия тәрбиесінің сипаттамасы, маңызы және міндеттері 

• Философия тәрбие немесе философия білім беру?

• Адам тәрбие мен білім берудің объектісі ретінде

• Тәрбие мен білім беру процесінде құндылықты бағдарлау

• Адамзаттың болашағы мен қауіпсіздігі, оның дамуына тәрбие мен білім берудің әсері

• Жаһандану: оның тәрбие мен білім беру процесінде әсері және сипаттамасы 

• Елдің тарихи тәжірибесіндегі тәрбие мен білім

• Салыстырмалы педагогика: жаһандық тәрбиелеуге қосқан үлесі

• Қазіргі заманның болашағын тәрбиелеу және білім беру 

• Педагогикалық коммуникация: міндеттері мен мәні.

Дәріс соңында институттың 125 оқытушысы курстан өткені туралы сертификаттар алды.

Danek 5

Danek 2

Danek 3 Danek 4

Шетелдік профессор И. Аталайдың келуі

Менеджмент және кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттерді оқытуға бағытталған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен шетелдік жетекші ғалымдарды шақыру бағдарламасына сәйкес 19 - 28 желтоқсан аралығында Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ Prof. Honoris Causa Prof. Dr. Ibrahim Atalay Мехмет Акиф Эрсой Университетінің ұстазымен (Mehmet Akif Ersoy University) (Burdur, Turkey) жұмыс жүргізді. 

2016 жылдың 20 желтоқсанында профессор И. Аталай институт оқытушыларымен "Education for Sustainable Development: Theory and Practice across Higher Pedagogical Education" атты семинар – тренингі өткізді, семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.    Сонымен қатар, 5В010000 "Білім" мамандығының студенттерімен бірнеше курстық дәріс ұйымдастырылды. Курстың негізгі тақырыбы - "Тұрақты даму үшін білім беру".   Студенттер бірінші күннен-ақ дәрістің маңыздылығын байқады, сабақ барысында белсенділік пен қызығушылықтарын танытып, шетелдік лекторға сұрақтарын қойды.

professor1

professor2

professor3

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502