Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бойынша орталығы

 

Батырова Зульфия Николаевна
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бойынша орталығының жетекшісі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жай: 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 кабинет 229
Тел.: 8 (71430) 7-24-88, ішкі телефон - 136
Ұялы телефон:+77014055433
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталық қызметінің мақсаты: білім алушы жастарды табысты әлеуметтендіру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған институттың жастар саясатын іске асыру, ЖОО-ны өңірдің ірі жастар орталығына айналдыруға жәрдемдесу.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • қазіргі өмір жағдайында адамгершілік және рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған оңтайлы әлеуметтік-мәдени ортаны құру;
  • институттың дәстүрлерін сақтау және көбейту, оның тарихын, символикасын, "АрқПИ" КЕАҚ-да білім алу беделін насихаттау;
  • студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау;
  • студенттерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру;
  • салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту;
  • білім алушыларды, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы студенттер санаттарын, мүгедек студенттерді әлеуметтік қолдау мен олардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • бірінші курс студенттерінің оқу іс-әрекетінің жағдайларына, болашақ кәсіби қызметке психологиялық және құқықтық дайындығына табысты бейімделуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • ЖОО-ның тәрбие қызметінің барлық бағыттары бойынша Жастар бастамаларын қолдау және педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • институтта студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал ету;
  • шығармашылық студияларды, топтарды, жасөспірімдер клубтарын, спорт клубтарын құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
  • жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • студенттер мен қызметкерлерді қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны, жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін әзірлеу;
  • студенттерді әлеуметтік және жастар саясаты орталығының жоспарланған және ағымдағы қызметі туралы уақтылы хабардар ету;
  • студенттік ортада құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бойынша орталығының қызметкерлері

Diana

Тұрсынбекова Диана Мұқашқызы
Әдіскер

Nurym

Дүзбай Нұрым Маратұлы
Әдіскер

Symbat_apai

Исмайлова Сымбат Нұрланқызы            
Тәрбиеші

 

 

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502