Ортағасырлық араб-мұсылман әлемінде Әл-Фарабидің жазып, сөйлеген тілі араб тілі екендігі мәлім. Ол дәуірде санасы ояу әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған – иджтихад және муджтахид жолына түскен атеистік идеологияның ықпалымен әл-Фараби кеңес өкіметі тұсында діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді.
Ұл тұлға әл-Фараби өте сирек қолданылатын, кейде тіпті қолдан жасалған, құпиялық үшін қолданатын арнайы тілдерді де өте жақсы меңгерген болатын. Араб жеріне келгеннен кейінгі отыз жыл ішінде 164 трактат жазып қалдырған. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш - 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров - 200 трактат деп көрсетеді. Зерттеушілердің айтуынша Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шәкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен.
Әл-Фараби еңбектерінің барлығы дерлік тек араб тілінде жазылған. Себебі араб халифаты бұл кезде Азия, Африка, Еуропаның өте көп жерін алып жатқан. Ислам дінінің негізгі тірегі болған, Аллаһ тарапынан жіберілген қасиетті Құран кітап араб тілінде. Ол Құранда қабылдап алушы адам Алаһтың елшісі (расул Аллаһ) пайғамбарымыз Мұхаммед араб нәсілді адам. Ислам діні сол араб елінде дүниеге келіп, сонан тарады. Сол себептен Исламның негізін тану деген нәрсе осы араб тілін білумен байланысты.
Профессор А.Ж.Машанов әл-Фараби Құранды да қасиетті діни кітап деп қараумен қатар, оның көптеген қағидаларының ғылыми негіздерін көре білді, математикалық есебін шығарды, құнды ғылыми жетістік деп білді, өркениетімізге енген үлкен даналық үлес деп түсіндірді. Сонымен қатар әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. «Мәңгі ел» идеясын әл-Фарабидің саяси-философиялық тұрғыдан негіздеуі ғажап құбылыс.Ғұлама ғалым мемлекетті көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды.Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Сондықтан еліміздегі азаматтардың барлығы «Мәңгілік Ел» құндылығын бойына сіңдірсе елімізде тыныштық пен бейбітшілік әрқашан болады. Ол үшін қазақ мемлекетінің тірегі, оның негізін құраушы ұлт қазақтардың төңірегіне топтасып, бай да жоғары өркениетке ұмтылған ұлттық сананы мейлінше жедел қалыптастыру қажет деп ойлаймын.
Елеусов Б.А.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық
институтының аға оқытушы

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ