1 мамыр күні тарих және өнер факультетінде Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Әл-Фараби - өркениет философы" атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты - студенттерді Әл-Фарабидің ғылыми мұрасының өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында Әл-Фарабидің рухани-интеллектуалдық мұрасын жаңа әлемдік дәуірдің қалыптасуындағы интегралды дүниетанымы контекстінде зерттеуге әрекет жасалды; қазіргі заман мен жаңа дәуірдегі адамның қалыптасуы үшін өткен рухани мұрасының тарихи маңызы өзектілендірілді.
Кездесуге 1,2,3 курс студенттері қатысты. Тарих және өнер факультетінің деканы Г.С.Конкина Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы қамтылған презентациямен баяндама жасады.
Әл-Фараби Шығыста да, Батыста да ғылымның кейінгі дамуына үлкен ықпал еткен бай ғылыми мұраны қалдырды. Бұл ойшылдың ғылыми мұрасын зерттеу, оның әлемдік ғылым мен өркениетке әсерін анықтау бүгінгі күні де өзекті болып қала бермек.