Оқу курстарының сипаттамасы

«6B01504-ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1 курс
Бірінші оқу жылында білім алушылардың бойында сананың ашықтығы, рухани жаңғыру, реализм, әлеуметтік-гуманитарлық дүниетаным, әлеуметтік – жеке тұлғалық және тілдік коммуникациялық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Философия», «Дене шынықтыру», «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі», «Қазақ (орыс) тілі», «Шет тілі» сияқты міндетті пәндер оқытылады.
Жоғары оқу орны компоненттері:
«Педагогикалық кәсіпке кіріспе», «Жас ерекшелік физиологиясы және қауіпсіздік негіздері» пәндері педагогтың кәсіби даярлығын дамытуға бастапқы білім мен дағдылар қалыптастырылады. Сонымен қатар, студенттер «Бейорганикалық химия» курсын оқу барысында алғашқы химиялық түсініктермен танысып, ерітінділердің концентрациясын, химиялық реакция жылдамдығын анықтау сияқты зертханалық жұмыстар жасайды, практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алады.
Кәсіптік тәжірибелер:
1. Оқу-танысу тәжірибесі: студенттер мектеп жұмысын ұйымдастырудың құрылымымен, негізгі принциптерімен, пән мұғалімінің қызметімен танысады.
2. Тілдік тәжірибе 1: студенттер кәсіби мақсаттар үшін білім беру ортасында қолданыстағы тілдерді академиялық сауатты қолдануға машықтанады.


2 курс
Екінші оқу жылында білім алушылардың бойында жаңа «сандық» ойлау, әртүрлі қызметтік салада заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша білімдер мен дағдыларды, салауатты өмір салты негіздерін жүйелейтін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Дене шынықтыру» атты міндетті пәндерді оқуға мүмкіндік аласыз.
Жоғары оқу орны компоненттері:
«Педагогика», «Педагогикалық психология», «Ұлы даланың педагогикалық мұралары» атты жоғары оқу орны компонеттерін оқу барысында кәсіби даярлығыңызды дамытып, Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына қарастырасыз.
«Мамандандырылған ағылшын тілі» курсы көптілді білім беру ортасында кәсіби шет тілі лексиксы мен мамандық тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста практикалық тұрғыда белсенді қолдануға үйретуді ұсынады.
Химиялық негізгі пәндердің бірі - «Органикалық химия». Бұл курста студенттер органикалық қосылыстарды, олардың құрылысы, синтездеу әдістері мен өзара түрлену заңдылықтарымен танысады.
Таңдау компоненттері:
Келесі жалпы білім беру пәндері цикілі бойынша курстар, атап айтқанда «Орта білім беру саласындағы нормативті-құқықтық актілер мен іс-қағаздар жүргізу», «Өлкетану» және «Кәсіпкерлік негіздері» пәндерінің бірін таңдап оқисыз.
Элективті пәндер катологынан 3 химиялық таңдау курстарын меңгересіз.
Кәсіби тәжірибелер:
Бұл оқу жылында педагогикалық - психологиялық тәжірибе жоспарланған. Бұл тәжірибе барысында студенттер ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу процедурасымен танысады, сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жүргізеді.
Тілдік тәжірибе 2: кәсіби білім беру ортасында арнайы тақырыптар бойынша ағылшын тілі сөздік қорын және жалпы дүниетанымын толықтыру, ресми құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, мәтіндерді аударуға үйрететін кәсіби тілдік тәжірибенің білікті химия мұғалімдерін дайындаудағы маңызы зор.


3 курс
Үшінші оқу жылында педагогтың кәсіби даярлығы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған 2 модуль бойынша келесі жоғары оқу орны компонентіне кіретін курстарды оқуға мүмкіндік аласыз. Олар:
1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді.
2. «Инклюзивті білім беру» – инклюзивті ортада білім алушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу процедурасын талдауды қамтиды.
3. «Химияны оқыту әдістемесі»: курс барысында студенттер химияны заманауи оқыту әдістері мен критериалды бағалау технологиялары негізінде оқыту методологиясымен танысып, сабақ жоспарлау дағдыларын практикалық дамытуға мүмкіндік жасайды.
4. «Білім берудегі жаңа технологиялар» курсы орта білім беру мазмұнын жаңарту қағидаттарын, оқыту мен оқудың тиімді әдістерін және критериалды бағалау технологияларын қолдануға бағытталған.
5. «Химияны оқытудағы кибер-технологиялар» курсы тиімді оқыту мен оқу үшін сандық әдіснамаларды шығармашылық тұрғыдан дайындауға және қолдануға бағытталған заманауи пән болып табылады.
6. Химиядан ғылыми жобаларды ұйымдастыру, экспериментті жоспарлау, академиялық сауатты ғылыми ізденіс жасауға алып келетін «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және академиялық жазылым» курсының да маңызы зор.
7. «Компьютерлік химия» курсын оқу барысында HyperChem бағдарламасымен химиялық қосылыстардың құрылысы, реакциялық қабілеттері мен қасиеттерін сипаттап, сандық құзіреттіліктеріңізді дамытуға мүмкіндік аласыз.
Таңдау компоненттері:
Элективті пәндер катологынан 3 химиялық таңдау курстарын меңгересіз.
Бұл оқу жылында студенттер химия пәні бойынша оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, оқу құжаттамаларын рәсімдеу бойынша практикалық дағдылар мен икемділіктерін қалыптастыруға арналған педагогикалық тәжірибеден өтеді.


4 курс
Соңғы оқу жылында 5 химиялық таңдау курстарын меңгересіз. Бұл курстарды оқу барысында студенттер химиялық технологияның маңызы мен өндірістерінің ерекшелігін сипаттайды, химияны оқыту жүйесіндегі экспериментті жүргізу әдістерін қарастырады, әр түрлі қиындық деңгейлеріндегі есептерді шешудің негізгі түрлері мен әдістерін пайдаланады, бейорганикалық және органикалық синтез туралы түсінік алады, физикалық және химиялық анализдің негізгі әдістерін қолданады.
Кәсіби тәжірибелер:
1. «Химиялық технология» пәнінен оқу тәжірибесінде студенттер аймақтың химия өнеркәсібінің түрлерімен, оның құрылымымен танысады.
2. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде студенттерді практикалық педагогикалық қызметке кешенді кірісуіне бағытталған 12-апталық өндірістік тәжірибе жоспарланған.
Қорытынды аттестаттау модулі бойынша барлық студенттер химияны оқыту әдістемесі шеңберінде зерттеулер жүргізуге және талдауға арналған дипломдық жұмыс (жоба) жазады және қорғайды немесе кешенді емтихан тапсырады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ