«Үштілділік-бәсекеге қабілеттіліктің негізі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Ақпараттық хат
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2018 жылдың қараша айының 16 күні «Үштілділік-бәсекеге қабілеттіліктің негізі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көптілділікті дамыту, ұлттық кодты сақтау және бағдарламада белгіленген басқа да өзекті мәселелерді қарап, талқылау.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
- Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту.
- Ұлттық кодты сақтаудағы тіл, әдебиет, тарих пәндерінің ролі, латын әліпбиіне көшу-заман талабы.
- Цифрлық технологияларды игеру-заманауи дамудың басты факторы.
- Қазіргі лингвистика мен шетел тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Бет көлемі А4 форматында, кітаптық бағдардағы 4-6 бетті құрауы тиіс, жиектері жан-жағынан – 2 см, ені бойынша түзетілген, тасымалсыз, беттер нөмірленбеген.Шрифт – Times New Roman, мөлшері кегль 14, азат жол – 1, жоларалық - 1 интервал. Тырнақша тек қана «» түрінде белгіленуі тиіс. Келтірілген мысалдар курсивпен белгіленуі керек. Баяндама атауы қою шрифтпен ортасында көрсетіледі. Автордың толық аты-жөні, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, қала, электронды поштасы оң жақ шетіне курсивпен жазылады. Егер баяндама қазақ тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздері орыс және ағылшын тілінде рәсімделеді. Егер баяндама орыс тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздер қазақ және ағылшын тілінде рәсімделеді.Түйін сөз (3-5 сөз). Әдебиеттерге сілтеме тік жақшамен [тізім бойынша дереккөзінің нөмірі, бет нөмірі] көрсетіледі, мәселен [5, 123]. Библиографиялық тізім мақаланың соңында көрсетіледі (сілтеме реті бойынша).
Конференцияға қатысу үшін төмендегі материалдардың электронды тасығыштағы нұсқасын конференцияны ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жіберу қажет:
- Тіркеу формасы бойынша қатысуға өтінім;
- Жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес рәсімделеген мақала;
- Түбіртек көшірмесі.
Мақаланы жариялау жарнасы 2500 теңге. Конференция қорытындысы бойынша ISBN халықаралық нөмірі берілетін конференция материалдарының жинағы жарық көреді.
Конференцияға қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тараптың есебінен.
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
110300, Арқалық қаласы, Әуелбекова, 17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
БИН 990240005309
БИК EURIKZKA,КБе:16
№КZ 4294807KZT22030789
«Еуразиялық банк» АҚ №7 филиалының №703 бөлімшесі
тел:8 714 30 7-24-88
факс:8 714 30 7-01-87
e-mail:
Website: https://api.kz/
Конференцияға қатысу үшін.
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ:
Автордың аты-жөні |
|
Жұмыс орны |
|
Қызметі |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
Мақаланың атауы |
|
Секция атауы |
|
|
|
Байланыс телефоны |
|
Ұйымдастыру алқасы!