Педагогика және психология пәндері бойынша ІІІ дәстүрлі қалалық студенттік олимпиада
Сіздерді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының бекітілген іс-шараларына сәйкес ұйымдастырып отырған институт студенттері мен Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж студенттері арасында өтетін «Ізденген жетер мұратына» атты педагогика және психология пәндері бойынша дәстүрлі қалалық студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Олимпиадаға орта және жоғары білім беру орындарының 2-3 курс студенттері қатынаса алады. Топ құрамы «Педагогика» және «Психология» курстарын меңгерген 4 студенттен құрылады.
Дәстүрлі қалалық студенттік пәндік олимпиадаға қатынасу үшін, қатынасу өтінішін толтырып (қосымша 1), 2018 жылдың 7 ақпанына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. эл.поштаға жіберулері қажет.
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Олипиаданың тапсырмалары педагогика және психологиядан теориялық және тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын құрастырылады. Барлық сайыстың тапсырмаларын орындағанда (максималды) – 85 ұпаймен бағаланады.
Олимпиада келесі сайыстардан тұрады:
№1 сайыс. Топтардың өзін-өзі таныстыруы (теориялық кезең)
Сайыстың мақсаты: олимпиада қатысушыларының шығармашылық әлеуетің белсендіру және іске асыру, қатысушылардың әлеуметтік-педагогикалық және жалпы мәдениетінің деңгейін анықтау; өзін-өзі таныстыру біліктілігін дамыту
Сайысты өткізу: команда қатысушыларының көпшілік алдында таныстыру енгізіледі, оған: қатысушылардың кәсіби көзқарастарын, сенімдерін айқындайтын топтың атауы мен ұраны, сонымен бірге олимпиаданың қатысушыларына деген ниеттері, жанкүйерлерімен сәлемдесуі болуы мүмкін.
Сайысты бағалаудың өлшемдері:- өзін-өзі таныстырудың тереңдігі мен сонылығы;
- педагогикалық ұстанымының айқындылығы, көрнекілігі, мәнерлігі
- қойылымдық, актерлік шеберліктің көрінуі, байқалуы;
- жанрлардың әртүрлілігі (ән айту, би билеу, көркем оқу шеберлігі, пантомима және т.б.);
- уақыт тәртібіне сәйкестігі.
Ұпаймен бағалаудың жүйесі:
0 ұпай – өлшем айқын байқалмайды;
1 ұпай – өлшем ішінара байқалады;
2 ұпай – өлшем жеткілікті дәрежеде байқалады.
Ең жоғарғы ұпай – 10 ұпай.
Уақыт тәртібі – 3 минут.
Ескерту: видеоролик көрсету және музыкалық сүйемелдеу жоспарланса 2019 жылдың 26 ақпанына дейін, барлық қажет видео-аудио материалдарды флеш-жинақтағышында беріп, қажет аппаратураға өтініш беруі қажет.
№2 сайыс. Тестілеу (теориялық кезең)
Сайыстың мақсаты: студенттердің психологиялық-педагогикалық білімдерінің деңгейлерін айқындау.
Сайысты ұйымдастыру: тестілеу топ капитандарының қатысуымен 45 минут ішінде өткізіледі. Тест жалпы педагогика мен психологияның сұрақтарынан құрастырылады.
Сайысты бағалау өлшемдері:
- толық, дұрыс жауап – 1 ұпай;
- толық емес, дұрыс жауап – 0,5 ұпай;
- дұрыс емес жауап – 0 ұпай.
Ең жоғарғы ұпай – 30 ұпай. - Ескерту: тестілеу түрі – жартылай жабық (бірнеше дұрыс жауабы бар).
№3 сайыс. Педагогикалық тақырыптағы эссе (теориялық кезең)Сайыстың мақсаты: өзбеттілік шығармашылық ойлаудың жалпы, кәсіби-педагогикалық мәдениетінің деңгейін, өзіндік ой-пікірін білдіре алу қабілетін анықтау.
Сайысты ұйымдастыру: әр топ қағаз нұсқасында бекітілген тапсырманы (белгілі адамдардың ой-пікірлері) алынады. Тапсырманың мәні – эссенің тақырыбын белгілеу, сонымен бірге төмендегі бағалаудың өлшемдері бойынша осы жанрдың талаптарына сәйкес эссе жазу.
Қатысушыларға арналған тапсырмалар: фразаны мұқият оқып, оның мағынасына өз назарыңызды аударыңыз. Эссенің мазмұнында өзіңіздің ұстанымызды көрсетіңіз.
Сайысты бағалаудың өлшемдері:
- эссе тақырыбын құрастырудағы нақтылылық (қалыптастыратын не айқындалатын мәселенің логикасы төңірегінде);
- теориялық материалды білуі мен түсінуі (текст мәтініңде қарастырылатын теория, тұжырымдама және ұғымдардың нақты көрінуі; қолданылған ұғымдардың тақырыпқа қатаң түрде сәйкес келуі; терминологияны дұрыс қолдануы);
- эссе жанрына сәйкестігі (сайыстық жұмыс нақты эссе жанры бойынша жазылған болуы);
- пайымдауларды құруы (баяндаудың айқындығы және нақтылығы; дәйектердің құрылымының логикасы; ұсынылған тезистер сауатты дәлелдемелермен берілуі; баяндаудың жалпы түрі эссе жанрына сәйкес келуі);
- жұмысты безендіруі (ұқыптылық және безендіруге қойылатын формальды талаптардың орындалуы; қазақ әдеби тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалардың сақталауы).
Эссені безендірудің талаптары:
Тексттің көлемі – 2 бетке дейін, қаріп Times New Roman, 14 кегль, аралық интервал – 1.
Ұпаймен бағалаудың жүйесі:
0 ұпай – өлшем айқын байқалмайды;
1 ұпай – өлшем ішінара байқалады;
2 ұпай – өлшем жеткілікті дәрежеде байқалады.
Ең жоғарғы ұпай – 10 ұпай
Өткізу түрі: сырттай. Эссе 2019 жылдың 15 ақпанына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. эл.поштасына жіберілуі тиіс.
Ескерту: сайыстың тапсырмаларын алу үшін және жеребе өткізу үшін АрқМПИ педагогика және психология кафедрасына (319 аудитория) 8 ақпан күні сағат 15.00-де топ капитандары немесе жетекшілері келуі керек. Қатысу міндетті түрде!
№4 сайыс. Кейс тапсырмаларын шешу (тәжірибелік кезең)
Сайыстың мақсаты: педагогтың тәжірибелік қызметіндегі шынайы жағдаяттарды шешудегі қатысушылардың қабілеттерін, сонымен бірге мәселелерді шешуді ерекше тұрғыда демонстрациялаудың жасампаздығы мен шығармашылдығын анықтау.
Сайысты ұйымдастыру: қатысушылар берілген кейсті талдап, оның шешімін ұсынады. Кейс шешімінің нәтижелерін қазылар алқасы тобының сарапшыларына ұсынылады.
Сайысты бағалаудың өлшемдері:
- деректі материал жөніндегі білімі мен мәселені түсінуі (педагогикалық, психологиялық ғылымдар аймағындағы білімдерінің тереңдігі, кәсіби-педагогикалық ұғымдарды меңгеруі, сипатталған шешімнің нандырарлығы, логикалығы және мәнерлігі);
- кейстегі сұрақтарға сай құрылған шешімдердің сәйкестігі;
- кәсіби-педагогикалық дәлелдемелердің нақтылығы, альтернативті нұсқалардың болуы, мүмкін болатын салдарының болжамы;
- өзіндік кәсіби ұстанымының айқын көрінуі;
- педагогикалық техниканың дамуы (шешендік өнер, дауыс екпіні, ырғағы, дауыс тембрі, ым-ишарасы, пантомимика).
Ұпаймен бағалаудың жүйесі:
0 ұпай – өлшем айқын байқалмайды;
1 ұпай – өлшем ішінара байқалады;
2 ұпай – өлшем жеткілікті дәрежеде байқалады;
3 ұпай – өлшем толық дәрежеде байқалады.
Ең жоғарғы ұпай – 15 ұпай
Уақыт тәртібі – 3 минут.
Ескерту: сахналық көрсетілім талап етілмейді.
№5 сайыс. «Insight»
Сайыс мақсаты: студенттердің психологиялық білімдерінің деңгейін айқындау.
Сайысты ұйымдастыру: топ өкіліне LED экранында сұрақтары мен суреттер берілген ұяшықтар таңдауға беріледі, әрқайсысына қажет жауап негізделіп, толық түсінік берілуі керек.
Сайысты бағалаудың өлшемдері: ұпай тапсырма үшін, жауаптағы басты мәселелерді айтылуының негіздемесіне беріледі.
Ең жоғарғы ұпай – 20 ұпай.
Уақыт тәртібі – 1 минут.
«Pictures story» (қосымша сайыс)
Сайыстың мақсаты: әртүрлі дәуірдегі ғалым-педагогтар мен психологтар туралы, олардың ғылымға енгізген үлестері мен негізгі еңбектері жөніндегі білімдерінің деңгейін анықтау.
Сайысты ұйымдастыру: топтың өкіліне әртүрлі дәуірдегі ғалым-педагогтар мен психологтардың суреттері ұсынылады.
Сайысты бағалаудың өлшемдері:
- ғалымның тегін мен аты-жөні туралы жауабының нақтылығы мен дәлдігі;
- ғалымның ғылымға енгізген мұрасы жөніндегі жауабының нақытылығы мен дәлдігі;
- ғалымның ғылыми еңбегі жөніндегі білімі.
Ұпаймен бағалаудың жүйесі:
0 ұпай – өлшем айқын байқалмайды;
3 ұпай – өлшем ішінара байқалады;
5 ұпай – өлшем толық дәрежеде байқалады.
Ең жоғарғы ұпай – 15 ұпай
Уақыт тәртібі – 1 минут.
Олимпиадының қортындысын қазылар алқасының төрайымы мен оның мүшелері шығарады. Пәндік олимпиадының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін орындалған сайыстың тапсырмаларының ең жоғарғы көрсеткіштері (ұпаймен) бойынша анықталады. Топтың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қосымша сайыс «Pictures story» өткізіледі.
Анықтама үшін телефон:
87013382186, Калимжанова Роза Лайковна – АркМПИ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі.
87783098889, Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы – АрқМПИ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.
Эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Әлеуметтік желіліер:
Facebook: https://www.facebook.com/pipkaz.kafedra.35
Instagram: https://www.instagram.com/pipkazk/
Олимпиаданы өткізу мекен-жайы: Арқалық қ., Әуелбеков к. 17, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.
«Ізденген жетер мұратына» олимпиадасының ережесі орналасқан педагогика және психология кафедрасы сайтының сілтемесі: https://kz.api.kz/index.php/science