Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

  2019 жылдың 12 сәуірінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: өлкетанудың  мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып, өлкетанулық  мәселелері мен болашағын талқылау.
Конференцияның жұмыс түрі: іштей, сырттай        
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференция секцияларының тақырыптары:

  • Қазақстанды географиялық, өлкетанулық және мемлекеттік бағдарламалық зерттеудің жаңа бағыттары
  • Мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруда заманауи сандық технологияларды пайдаланудың жолдары  мен  негіздері
  • Рухани-мәдени құндылықтарды жандандыруда педагогика мен психологияның орны
  • Гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінен алатын білімнің өлкетану бойынша зерттеушілік дағдыларды қалыптастырудағы маңызы.

 Конференция нәтижелері бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарияланатын болады. Жинаққа халықаралық ISBN, МРНТИ индексі беріледі.
Материалдарды қабылдау мерзімінің аяқталуы – 2019ж. 26 наурыз (қоса алғанда)
Конференцияға қатысуға ерік білдірушілер 2019 жылдың 26 НАУРЫЗЫНА (қоса алғанда) дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайға  хаттың ішінде:

  • мақала немесе тезистерді;
  • электронды түрдегі толтырылған қатысушылардың өтінішін;
  • ұйымдастырушылық салымын төлегені жөніндегі түбіртектің көшірмесін жіберуі қажет.

Электронды мекен-жайға жіберілетін файлдардың атауы келесі түрде болуы қажет:

  • Мақала (мақала_Алматов А.А.)
  • Өтініш (өтініш_Алматов А.А.)
  • Төлеу жөніндегі түбіртек (түбіртек_Алматов А.А.)

 Электронды нұсқада әр мақала жеке файлда болуы керек. Файл атауында бірінші автордың тегін көрсетіңіз. Қатысушылар өтінішін оған барлық авторларды қоса отырып толтырып, жеке файлға салу қажет.
Материалды алғаннан кейін және төлемнің түсуінен кейін ұйымдастыру алқасы материалдарды жариялауға қабылдауды электронды пошта арқылы растайды (2 жұмыс күні ішінде).
мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақаланың мәтіні дұрыстап оқылуы және редакциялануы керек. Авторларға жарияланатын материалға жауапкершілік жүктеледі. Мақалалар Microsoft Word мәтіндік редакторында орындалуы қажет.

  1. Мақала 4-6 бетті құрауы тиіс.
  2. Тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
  3. Бет өлшемі – А4, парақ ориентациясы – «кітаптық».
  4. Бет аймақтары: барлық жақтан 2 см.
  5. Қаріп – «Times New Roman», мөлшері – 14 (аннотация және кілт сөздер үшін – мөлшері – 12, бір қатарлы интервал).
  6. Мақаланың атауы бас әріптермен толтырылады, қаріп – жартылай қалың, орта бойынша туралау.
  7. Төменді бір интервалдан кейін бас әріптермен – автор(лар)дың тегі және инициалдары (орта бойынша туралау).
  8. Келесі жолда – лауазым, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (бар болса), төменіреуұйымның ТОЛЫҚ атауы (АТАУ СЕПТІКТЕ), сондай-ақ ел және қала.
  9. 1 интервал жол тастаудан кейін аңдатпа, одан әрі 1 интервалдан кейін кілт сөздер, олардан 1 интервалдаан кейін – мақаланың мәтіні, азат жолдық орын қалдыру – 1,25 см, ені бойынша туралау.
  10. Егер, баяндама казақ тілінде жазылса, аңдатпа мен кілт сөздер орыс және ағылшын тілдерінде рәсімделеді. Кілт сөздер 3-5 сөзден тұрады. Егер, орыс тілінде болса, аңдатпа мен кілт сөздер қазақ және ағылшын тілдерінде. Егер, баяндама казақ тілінде жазылса, аңдатпа мен кілт сөздер қазақ және орыс тілдерінде.

Суреттердің атауы мен нөмірлері суреттер астында көрсетіледі, кестелердің атауы мен нөмірлері – кестелер үстінде. Суреттер мен кестелер атаулары «Times New Roman» қарпінде рәсімделеді, мөлшері – 12, туралау – орта бойынша. Кестелерде де «Times New Roman» қарпін пайдалану керек, мөлшері – 12, жоларалық интервал – бір қатарлы. Кестелер, сызбалар, суреттер, формулалар (тек Equation немесе MathType редакторларында), графиктер көрсетілген аймақтар шегінен шықпауы қажет. Әдебиеттерге сілтемелерді шаршы жақшаларда рәсімдеу керек. Әдебиеттер тізімінің болуы мүмкін болып табылады. Әдебиеттер тізімі пайдаланылуына қарай рәсімделеді.

Мақалаларды дұрыстап оқу және көрсетілген талаптарды сақтау қажет.
Конференцияға қатысушының өтініші:

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
  2. Ғылыми дәрежесі, атағы.
  3. Ұйым, лауазым.
  4. Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен), ұялы телефон, e-mail (міндетті түрде, электрондық мекен-жай қолданыстағы болуы керек).
  5. Баяндама тақырыбы.           

Конференция жинағында жариялану салымының сомасы 5000 теңге.
Жарияланымды төлеу жөніндегі сканерленген түбіртекті келесі реквизиттер бойынша жіберу қажет:
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
110300, г. Аркалык, ул. Ауелбекова 17
РНН 551200001849
БИН 990240005309
БИК EURIKZKA
КБе: 16
№ KZ4294807KZT22030789
Отделение № 703 филиала № 7
АО « Евразийский банк»  
Конференцияға қатысу үшін

 Жауаптылар:  Нүркенова Әйгерим Дауылбайқызы, ұялы тел. 87021814329

                           Байгукин Ғалымбек Тұрсынұлы, ұялы тел. 87028561310

Мекен-жай: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков к-сі 17, тел.: 8(71430) 7-24-88, 7-13-81, факс: 7-01-87

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ

АЛМАТОВ А.А.
Аға оқытушы, магистр, педагогика және психология кафедрасы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ тіліндегі аннотация (3-5 сөйлем)
Қазақ тіліндегі кілт сөздер (3-5 сөз)
Ағылшын тіліндегі аннотация (3-5 сөйлем)
Ағылшын тіліндегі кілт сөздер (3-5 сөз)
Кілт сөздер: қорғалу құқығы, қорғаушы, күдікті, кінә тағылушы
Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні [1].
Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні [2].

 

 

Сурет 1 – Сурет атауы

 Кесте 1 – Кесте атауы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ