«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайд
ы

1. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 3 штаттық бірлік:

  • «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме .

2. Аға оқытушы – 8 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультеті – 4.
  • Тарих және өнер факультеті – 4.

2. Оқытушы – 1 штаттық бірлік:

  • Тарих және өнер факультеті – 1.

Біліктілік талаптары:

  1. Білім  беру бағдарламасының жетекшісі лауазымына – жоғары білімі, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл жұмыс істеу
  2. Аға оқытушы лауазымына:
    - жоғары (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD докторы дәрежесі, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.
    - ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған жағдайда;
    - соңғы 5 жылда уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми басылымдарда кемінде 2 ғылыми жарияланымның авторлығы;
    - оқулықтың немесе оқу құралының авторлығы.
  3. Оқытушы лауазымына:
    1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
    2) мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.
    Оқытушының (ассистенттің) бос лауазымына үміткерлер үшін Жарияланымдар нормативі:
    - республикалық және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар, - өткен жылы кемінде 1;
    - республикалық және халықаралық конференцияларда кемінде 2 баяндама.

Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 29 тамызға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ