«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде Қоғамның Директорлар кеңесі үшін объективті ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Комитеттің құзыретіне:
- Қоғамның ішкі аудиті саласындағы;
- Қоғамның сыртқы аудиті саласындағы;
- Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі саласындағы;
- Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері саласындағы мәселелер жатады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
• салалардағы жоғары кәсіптік білім: экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы және несие, және/немесе құқықтану, жоғары оқу орындарындағы білім беру процесінің ерекшеліктерін білуі және қосымша арнайы дайындығы болуы;
• мамандандырылған лицензиялар мен сертификаттардың болуы;
• жоғары оқу орындарында (ішкі) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл;
• басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 2 (екі) жыл;
• өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
• қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу.
• Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
• МОППВА, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
• Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп, салық салу, Акционерлік қоғамдар, еңбек, Мемлекеттік мүлік, индустриялық-инновациялық қызмет және қаржы мәселелері бойынша білімі;
• Мемлекеттік қазақ тілі мен ағылшын тілін орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
3. Түйіндеме.
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі.
5. Мамандандырылған лицензиялар мен сертификаттардың көшірмесі.
6. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі.
7. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, 210 кабинетке тапсыру қажет. Телефоны: 8 (71430) 7-24-88. Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ