«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайд
ы

1. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 5 штаттық бірлік:

  • «Шетел тілі: екі шетел тілі, Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Физика, Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Химия, Биология, География» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме;
  • «Тарих», Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының жетекшісі – 1 жүктеме.

2. Аға оқытушы – 2 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультеті – 2.

2. Оқытушы – 5 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультеті – 3.
  • Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті – 2. 

Біліктілік талаптары:

  1. Білім  беру бағдарламасының жетекшісі лауазымына – жоғары білімі, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл жұмыс істеу
  2. Аға оқытушы лауазымына:
    - ғылыми дәрежесі кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес келген кезде;
    - ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған жағдайда;
    - соңғы 5 жылда уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми басылымдарда кемінде 2 ғылыми жарияланымның авторлығы;
    - оқулықтың немесе оқу құралының авторлығы.
  3. Оқытушы лауазымына:
    1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
    2) мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.
    Оқытушының (ассистенттің) бос лауазымына үміткерлер үшін Жарияланымдар нормативі:
    - республикалық және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар, - өткен жылы кемінде 1;
    - республикалық және халықаралық конференцияларда кемінде 2 баяндама.

Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 27 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ