Төлегенов оқулары – 2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 2024 жылдың сәуір айының 16 күні «Жаңа формациядағы педагог: әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту» тақырыбында «Төлегенов оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесіндегі заманауи трендтерді зерттеу негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, сондай-ақ тиімді әдістер мен құралдарды ұсыну арқылы олардың кәсіби дамуына ықпал ету және тәжірибе алмасу.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
1) жаратылыстану бағыты;
2) әлеуметтік-гуманитарлық бағыт.
Конференция форматы: гибридті формат (online және offline).
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылдың 01 сәуіріне дейін төмендегі тізімдегі құжаттардың электронды нұсқасын секция бойынша көрсетілген адреске ұсыну қажет:
I секция: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
II секция: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жауаптылар:
Ажибекова Перизат Сейтхановна, ұялы тел. 87075151011
Ахатова Сымбат Жұбатайқызы, ұялы тел. 87024936093
1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)
2. Баяндама материалдары (2-қосымша)
Конференцияға қатысу шарттары:
Конференция қорытындысы бойынша электрондық форматта (PDF) баяндамалар жинағы жарияланады, конференцияға қатысушылар электрондық сертификаттар алады. ISBN-мен конференция баяндамаларының жинағы конференция өткізілгеннен кейін электрондық форматта жіберіледі және институт сайтында орналастырылады.
1 (бір) баяндаманы жариялау құны - 2 000 теңге (электрондық жинақ).
Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Ұйымдастыру комитеті конференцияның бағыттары мен рәсімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Ұйымдастыру жарнасын төлеу ұсынылған тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1. «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы → Төлемдер → Білім →Жоғары оқу орындары мен колледждер → оқу орнының атауы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты. «Факультет» торкөзіне «Ғылым бөлімі», «Курс» торкөзіне – «Конференция 16.04.2025, конференцияға қатысушының аты-жөні» көрсетілсін.
Ұйымдастыру жарнасы төленгендігі туралы сканерленген түбіртек – конференцияға қатысу жарнасын мақала қабылданғандығы туралы хабарлама алғаннан кейін төлеңіз.
Түбіртектің электронды нұсқасы электронды почтаға жіберілгеннен кейін ғана мақала жинаққа енеді.
Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 71430 72488 (ішкі 135, 118).