«Startup ArkPI-2023» инновациялық идеялар байқауы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты студенттерінің арасында креативті және кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар, бәсекеге қабілетті және прагматикалық мамандарды дайындау мақсатында «Startup ArkPI-2023» инновациялық идеялар байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: жастардың кәсіби дамуын ынталандыру және қолдау көрсету, сонымен қатар ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашу, еліміздегі ғылым саласындағы жастардың үлесін арттыру.
Байқау институт студенттері үшін өткізіледі.
Байқаудың шарттары мен талаптары сақталмаған жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі бойынша қатысушы байқауға қатысудан босатылады.

Байқаудың мерзімі мен тәртібі.
Үздік жобаларды анықтау мақсатында байқау үш кезеңде өткізіледі:
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 30.04.2023ж сағат 18.00-ге дейін.
Әр жоба бойынша өтінімдер бекітілген формаға сәйкес (1 қосымшасы) қағаз түрінде және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына электрондық түрде ұсынылады.
- бірінші (іріктеу) кезең барысында Комиссия мүшелері конкурстық өтінімдерді қарастырады және келесі кезеңге өткізу үшін үздік жобаларды іріктейді. Комиссия мүшелері жоба авторларымен жекелеген ережелерді түсіндіру мақсатында кеңес бере алады.
- Жобалардың таныстырылымын өткізуде төмендегілер ескерілуі тиіс: жобаның мақсаты мен міндеттері, түйінді ойлары, жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, жобадан күтілетін нәтижелер (нақты инновациялық өнім).

ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ:
1. Регламент: 3 мин. (қатаң сақтау)
2. Презентацияның бірыңғай фоны (қоса беріледі)
ЕСКЕРТУ: электрондық презентациямен қатар макеттер мен басқа да ақпараттық материалдар пайдаланылуы мүмкін (бұл балл түрінде ҮЛКЕН ПЛЮС болады).
Инновациялық идея, мақсаттың нақтылығы, жобаның орындалуға бастаған алғашқы қадамның дәлдігі ескеріліп, конкурстың жеңімпаздарына жүлде беріледі.
Жобаларды қаржыландыру үш кезеңнен тұрады, кезеңнің тізбектілі сақталған жағдайда жоба авторы келесі қаржыға ие болады. Жобаның толық аяқталу мерзімі 16.12.2023ж.

Мерзімі

Сипаттамасы 

Қаржыландыру

1-орын

2-орын

3-орын

1

1-кезең
0
1.05.2023ж-30.05.2023ж

Бастапқы кезең, тың, жаңа-түйінді идея, жоспар, жобаны қорғау

50 000

30 000

20 000

2

2-кезең
0
1.06.2023ж-30.09.2023ж.

Орындалу кезеңі, жобаны орындау  барысы, өнім, нәтиже

150000

130 000

100 000

3

3-кезең
0
1.10.2023ж-30.11.2023ж.

Қорытынды кезең, нәтижені іске асыру, өнім

50000

40 000

30 0000

Барлығы

250 000

200 000

150 000

«Startup ArkPI-2023» студенттер арасындағы инновациялық идеялар байқауының қорытындысы 16.12.2023ж. күні жарияланады.
«Startup ArkPI-2023» студенттер арасындағы инновациялық идеялар байқауына қатысу үшін әрбір факультеттен кем дегенде 3 инновациялық жоба ұсынылу керек.
Конкурсқа қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстарды келесі кеңсе қабылдайды:
«StartUp ArkPI» (АБӘҒЖ офисі)
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тел.: 8 (71430) 7-24-88 ішкі нөмірі (104)

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502