«Мемлекеттік қызметші күнін» мерекелеу аясында конкурс

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2023 жылдың 11-26 мамыр аралығында «Мемлекеттік қызметші күнін» мерекелеу аясында жастар, оқушылар мен студенттер арасында «(өз қалауым бойынша ауыл, аудан, облыс) Әкімі болсам не істеуім керек?» атты конкурс жариялайды.

Байқауға қатысу үшін әлеуметтік желілердегі жеке парақшада, департамент парақшасын белгілеп, ұсынылған тақырыпқа пост жазу немесе сюжетті түсіру қажет.
2023 жылдың 26 мамыр күніне дейін жұмыстың авторын және байланыс деректерін көрсете отырып, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жазбаның сілтемелерін жіберіңіз. Байқау уақытында аккаунт ашық болуы керек.
Конкурстық негізде үздік пост немесе сюжет анықталады, ал жеңімпаздар қорытынды салтанатты кешке шақырылып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502