Кәсіптік бағдар берудегі іс-әрекеттер

Кәсіптік бағдар берудегі іс-әрекеттер

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Altynsarin institute жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп, гимназия, лицейлердің 2023 жылғы түлектерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

15

Түлектердің мүмкіндігіне, қабілетіне сай, еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, болашақ мамандығын таңдауға ықпал етудегі алғашқы кездесулердің бірі offline форматта өтті. Бұл кездесудің жүзеге асуына оқытушы Амиров М.С., Жармагамбетов Е.Е., Илубаев М.А., Нурсали К.С. мұрындық болды. Олар Державинск қаласында орналасқан Н.Островский атындағы жалпы білім беретін мектебі, Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебі және А.Укубаев атындағы гимназия-мектебіндегі оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тыңғылықты жүргізді.
11-сынып түлектеріне ЖОО мамандарды даярлаудың түрлері мен бағыттары, факультеттер мен білім беру бағдарламалары туралы мағлұматтар беріліп, буклеттер таратылды және бейнеролик ұсынылды.

16

Сондай-ақ, Түркістан облысына қарасты мектеп түлектері мен ата-аналарға кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізілді. Онлайн кездесуге 100-ден аса мектеп белсенді түрде қатысты.
Кездесу барысында мұғалім мамандығын таңдаған мектеп бітіруші түлектерді институттың білімді де белсенді студенті болуына шақырып, талапкерлерді қабылдау ережелерімен таныстырды. Сәйкесінше, шекті балл, бейіндік пәндер, институттың білім бағдарламалары, шығармашылық емтихан туралы ақпараттар берілді. Студенттердің оқу, ғылыми және білім беру өмірінің барлық аспектілері туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесудің қатысушылары болашақ мамандығын таңдауда кәсіптік бағдар алып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Айта кетсек, әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесуді жетілдіруде кәсіптік білім беретін оқу орындары арасындағы бәсекелестік Altynsarin institute-нің басым бағыттарын айқындайды.
Мектеп оқушыларымен жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары, біріншіден, оларды жеке бейімділіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес мамандықты саналы түрде таңдауға дайындайды, белгілі бір мамандықтардағы кадрлардың қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарын ұтымды бөлуге ықпал етеді. Екіншіден, біздің оқу орнымыздың тартымдылығын арттырады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ