Академиялық ұтқырлық: мүмкіндіктер мен болашағы

Академиялық ұтқырлық: мүмкіндіктер мен болашағы

2023 жылдың 16 наурызында Altynsarin institute-тың мәжіліс залында «Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру» тақырыбында офис-регистратор бөлімінің меңгерушісі Л.С.Шайменова, ПОҚ және 1-2 курс студенттерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасының тиімді тетіктерін түсіндіру.

10Күн тәртібінде студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Жиынға келген білім алушыларға академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, қолданыстағы бағдарламалар туралы айтылды. Сонымен қатар, Altynsarin institute бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесімен таныстырды. Семинар спикері институт студенттерінің академиялық ұтқырлық бойынша білім алу мүмкіндігі бар бағыттарға тоқталды.

11

Еске салайық, институтымызда академиялық ұтқырлық екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: студенттерді қазақстандық серіктес ЖОО-да оқыту және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу. Ұтқырлық бағдарламалары серіктес университеттер арасындағы келісімдер аясында жүзеге асырылады.
Л.С.Шайменова студенттерді белсенді түрде шет тілін меңгеруге шақырды, бұл тек оқуда ғана емес, сонымен қатар олардың әрі қарай кәсіби өсуі мен дамуына көмектесетіндігін нақтылай түсті.
Сонымен қатар, ол институтта ұтқырлық бойынша оқуға барлық қолайлы мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті және білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі барлық студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға шақырды.

12

Семинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен алмасты, қойылған сұрақтар мен халықаралық бағдарламалар бойынша ақпаратты талқылады. Нәтижесінде, академиялық ұтқырлықты енгізу бойынша алдағы жұмыстардың перспективаларын белгіледі.
Академиялық ұтқырлық жаңа білімді, тұжырымдамалар мен идеяларды таратудың, білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етудің және біртұтас жаһандық білім беру кеңістігін құрудың маңызды құралдарының бірі болып қала беретінін атап өткен жөн.

13

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ