Altynsarin institute-ның студенті республикалық жас ақындар айтысында жүлделі 3-орынға ие болды

Altynsarin institute-ның студенті республикалық жас ақындар айтысында жүлделі 3-орынға ие болды

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық инситутының 3 курс студенті республикалық жас ақындар айтысынан 3-орынды қанжығасына байлады.

Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің қабырғасында «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Республикалық жас ақындар айтысына еліміздің барлық өңірінен жоғары оқу орындарының таңдаулы жас ақын-айтыскерлері өз бақтарын сынады.
Жырдан маржан терген шайырларға бағаны құрамында белгілі айтыскерлер мен ақындар кірген қазылар алқасы берді. Сөз сайысының қорытындысы бойынша Altynsarin institute-ның 3 курс студенті Ақылжанов Әсет 3 орынды иеленді.
2Жас ақыннының айтуынша, айтыс жоғары деңгейде өтіп, өз мұратына жетті. «Сайыс додасы оңай болған жоқ, бірақ мен жақсы өнер көрсете алдым. Ата-бабамыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын одан да тереңірек танып-білу үшін мұндай айтыстың жастарға пайдасы зор деп ойлаймын».
Жас ақынға арнайы диплом мен ақшалай сертификат табыс етілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ