Елордада «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында диалог алаңы өтті

Елордада «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында диалог алаңы өтті

2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында «Technology Commercialization Point» диалог алаңы өтті. 

Қатысушылар қатарында Altynsarin institute.

2

Спикерлер жас ғалымдар, ғылыми және жастар ұйымдарының жетекшілері, университеттер мен орталықтардың өкілдері болды:
- «Азаматтық Бастамаларды Қолдау Орталығы» АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанова,
- Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының м.а. Айша Ысқақова,
- «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов,
- «Идеядан басылымға» кітабының авторы Қайрат Молдашев,
- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еламан Айбулдинов,
- Юлия Вяткина, Ғылым қорының инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі бас менеджері
- Бейбіт Әбдікенов, Young Researchers Alliance қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары,
– «Молодежь» ұлттық ғылыми орталығының талдау және коммуникациялар бөлімінің сарапшысы Камилла Манакова,
– Торайғыров университеті директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Өтешев,
- ҚБТУ Startup Incubator директоры Владимир Попов,
- National Laboratory Astana ғылыми қызметкері Аяулым Нұрғожина.

3

Жиынды ашқан Ғылым қорының басқарма төрағасы Әбділда Шәменов ғылымды қажет ететін экономика құруға жастардың қатысуына тоқталып, жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шараларына жеке тоқталды.
Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылымның мәселелерін, проблемалары мен оны дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, жас ғалымдардың өндірістегі рөлі мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері де қарастырылды.
Ұлттық академиялық кітапхананың меңгерушісі Ғазиза Нұрғалиева жас зерттеушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.4

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы IT, инновациялар, инженерия, индустриялық технологиялар саласында кадрлар даярлау қажеттілігін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылым мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ саладағы жас ғалымдардың рөлі және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

5

6

7

Сондай-ақ, іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Ғылым қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісімдер ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды және мамандар даярлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ